Блог статистикасы
195
Жазбалар
5007
Өтініштер
202163
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Экстремизм және терроризм.

Бүгінгі күні экстремизм және терроризм заманауи әлемдегі ең  маңызды қауіп-қатердің бірі болып отыр.

Экстремизм – шеткі қөзқарастардың, әсіресе шаралардың  жолын қуушылық. Осындай шаралардың арасынан тәртіпсіздікті одан әрі арандату, азаматтық бойсынбау, террористік акциялар, партизан соғысының әдістерін атап өту керек. Ал «діни» тіреу қандай-да бір діни сенімнің жолын қуушылықты тұспалдайды.

Терроризм – зорлық-зомбылықтың идеологиясы және мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен не халықаралық ұйымдармен халықты үрейлетумен байланысты және жеке тұлғаға, қоғамға және мемлекетке залал келтіруге бағытталған зорлық және басқа да қылмыстық іс-әрекеттер жасау қаупін келтіру жолымен шешімдерді қабылдауға іс-әрекет ету практикасы.

Терроризмнің ең көп кездесетін түрі саяси, ұлттық және діни терроризм. Ұйымдастырушылар көбіне террактіні азаматтық және басқа құқықтарды «бірыңғай мүмкін, барынша пәрменді терракт» ретінде ұсынады. Мақсаты болып саяси жетекшілердің олармен жүргізіліп отырған саясатын өзгерту мақсатында үкіметке және нақты саяси жетекшілерге тікелей қысым көрсету табылады. Мемлекет экстремизм мен терроризмнің туу тәуекелдерін жібермеу және алдын-алу бойынша барлық шараларды қабылдап отыр. Қоғам да шет қалмау керек, егер Сізге астыртын дайындалып жатырған терроризм актілері, оны қаржыландыру, көмекшілері туралы хабар алған жағдайда уәкілетті органға шұғыл түрде хабарлауыңыз қажет және «110 жедел желісі» номері бойынша ҰҚК аумақтық органына жіберіледі.

хат жіберу