Блог статистикасы
195
Жазбалар
5034
Өтініштер
203511
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Террористік тұрғыдан осал адамдардың жаппай жиналатын объектілерін инженерлік-техникалық нығайту мәселесіне

ТТО объектілерін терроризмге қарсы қорғау жүйесіне талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 03.04. №191 қаулысымен реттеледі, оған келісе адамдардың жаппай жиналатын объектілері міндетті түрде бейнеқадағалаудың теледидарлық жүйесімен жабдықталуы қажет (2 топқа енгізілген аса ірі объектілерден басқа).

Бұл жағдайда барлық объектілерде сертификатталған жүйелер және техникалық құралдар қондырылады.

Бейнеқадағалаудың теледидарлық жүйесі қорғау бөлімдері үшін арнайы бөлінген бөлмелерге шығарылады (яғни қорғау, вахтер, кезекшінің постысына, мониторға тәуліктік қолжетімділікті есепке алумен).

Ақпаратты сақтау мерзімі 30 сөткеден кем болмау керек. Бейне көріністерді жазу үшін бейнежинаушы қолданылуы мүмкін.

Бейнеқадағалаудың теледидарлық жүйесі жұмысты автоматтандырылған тәртіпте қамтамасыз етеді.

Бейнеқадағалаудың теледидарлық жүйесі жабдықталады:

-         объектінің маңындағы аумақтың периметрі;

-         басты және қор кіре берістер;

-         адамдардың жаппай жиналатын бөлмелері (орындары) (фоце, мәжіліс залы, асхана, спортзалы және т.б.).

Сөткенің қараңғы уақытында қорғау жарығы қосылуы қажет, ол телекамераның шолу аймағымен сәйкес болу керек.

Орнатылған бейнекамералардың санынан тәуелсіз мониторлар алыну ұсынылады, ол жерде камералардан ақпараттар бір уақытта көріну көріністерді дұрыс қарауды қамтамасыз етеді (яғни жеткілікті диогоналмен). Объектінің ішінде және оның периметрі бойынша орналасқан камералар қолайлы болу үшін әр түрлі мониторларға шығарылған (оның ішінде ЛЭД теледидарларға).

Сонымен қатар бейнеқадағалау жүйесін жұмыс жасау ұзақтығы 1 сағаттан кем емес электрмен қоректенудің үздіксіз резервті  көздерімен қамтамасыз ету ұсынылады.

ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғау талаптарына сәйкестігі туралы шешім ресми тексеру барысында ішкі істер органдарының өкілдерімен шығарылады.

хат жіберу