Блог статистикасы
195
Жазбалар
4939
Өтініштер
197469
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Терроризм - қоғамға қауіпті

Бүгінгі біздің ел, дамыған, ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел. Елдің экономикалық жетістіктерін барлық әлем мойындап отыр. Еліміз алдына қойған мақсатына нық және тұрақты қадаммен қадам басып бара жатыр. Еліміз әлемдік алаңда өз орнын тауып, Евразияның саяси өмірінде өз орны бар бірден бір орталығы бола білді.

Көп ағымдар әлемдегі билікке таласып, бейбіт өмір сүріп жатқан елдер шырқын бұзып, саяси іріткі салуға ұмтылады, ол үшін бірінші кезекте қоғамның сана –сезіміне әсер етуді бастайды. Сана – сезімге әсер етудің бір түрі – терроризм ағымдары. Оның қауіпті әрекеттерінен ешкім де қашып құтыла алмайды. Сондықтан кім болмасын осы қорқынышты сөз біздің өмірімізге енбеуі үшін, қолдан келгенді жасап, күресу қажет. Бұндай топтар қармағына көбіне ақыл – ойы әлі тұрақтамаған отыз жасқа дейінгі жастар ілігеді. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырса қауіпті ағымдар қармағына түсуге уақыты болмайды. Ол үшін көптеп азаматтық – патриоттық тәрбиелеу,салауатты өмір салтын насихаттап, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жүйесінде жастардың ерекшелігіне, халықтың бос уақыттарын ұйымдастыру аясында көптеген жұмыс атқарылып отыр. Ауданда 24 ауылдық клуб және 28 ауылдық кітапхана қызмет етуде. Ауылдық клубтардың 77 қызмет етуші үйірмелеріне 766 адам қатысады. Олардың ішінде балаларға арналған 47 үйірмеде 436 бала қатысады. Сонымен қатар, ауданда тұратын ұлт өкілдерінің ынтымақтастығын сақтау, дамыту және нығайту аясында аудандық Мәдениет үй «Радуга дружбы» аудандық би фестивалі, тұрғылықты ұлт өкілі емес орындаушылар арасындағы «Менің елім-менің болашағым» аудандық қазақ әні фестивалі, «Тамаша» аудандық байқауы және т.б. аудандық іс-шаралар ұйымдастырады. Сарыкөл орталықтандырылған кітапханалақ жүйесі діни экстремизм мен терроризмді болдырмау мақсатында ауызша журналдар, диспуттар, дөңгелек үстел, көрме-шолу іс-шараларын өткізеді. Сарыкөл ауданы тұрғындарына мәдениет объектілеріне кіру ақысыз түрде қамтамасыз етілген.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы           

   Ә. Бекмағамбетова

хат жіберу