Блог статистикасы
195
Жазбалар
5034
Өтініштер
203510
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 2016 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына террористік тұрғыдан осал объектілерді (бұдан әрі - ТТО) қорғауды одан әрі қарай күшейту шараларын қарастыратын толықтыру енгізілді.

Заңды тұрғыдан меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдарың террористік әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілерді терроризмге қарсы қорғау және олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау мақсатындағы міндеттері мен жауапкершілігі анықталған болатын, ол бойынша:

          1) тиісті өткізу режимін, объектілерге қойылатын қойылатын талаптарға сәйкес оларды қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз ету;

          2) үлгілік паспорттың негізінде – өздеріне сеніп тапсырылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеу;

          3) персоналды үй-жайларды қарап тексеру техникасына үйрету, жарғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу;

         4) жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау мен пысықтау;

          5) объектінің ақпараттық желілерін қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті.

         Онымен қоса, Заңның 10-3-бабында тиісті өткізу режимін қамтамасыз ету, өз персоналын үй-жайларды қарап тексеру техникасына оқытып-үйрету, жарылғыш құрылғылардың орнатылуы ықтимал орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқыту іс-шараларын өткізу, терроризмге қарсы қорғаудың техникалық құралдарын тиісінше пайдалану жөніндегі күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің міндеті қарастырылған.

         Тиісті іс-шараларды іске асыру мақсатында меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары қажетті қаржыландыруды көздеуге міндетті.

         Террористік тұрғыдан осал объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының, сондай-ақ күзет қызметі субъектілерінің көрсетілген міндеттерді орындамауы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

Сарыкөл ауданы әкімдігінің

бас маманы                                                                                         А. Бекмагамбетов
хат жіберу