Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198308
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ

Жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Елбасының  тапсырмасымен 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы әзірленіп, Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді.

Жұмыс барысында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын ұдайы басшылыққа алып отырамыз.

Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес материалдақ құндылықтар сатып алуда  электронды түрде мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жүзеге асырылып отырады. Мемлекеттік қызметшілер әр үш жыл сайын біліктілігін арттыру курстарына барып, білімдерін жетілдіріп отырады,  біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы өтіп отыру мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға зор септігін тигізеді деп ойлаймын.

 «Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау бойынша іс-шаралар көзделген: кірістер және мүлік туралы декларацияларды жыл сайынғы тапсыруы, мемлекеттік қызметке түсу кезінде шектеулерді қабылдауы, әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына конкурстардың өткізілуі, азаматтарды жеке қабылдауы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қаралып , құқықтық жалпы оқу бойынша сабақтар мен семинарларға қатысамыз. Бөлімде баршаға көрінетіндей жерлерде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы жөніндегі, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасы бойынша ақпарат орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында бөлімде азаматтардың ұсыныс пікірлерін жинақтау жәшігі орнатылған.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген. Осы мақсатта сенім телефоны жұмыс істейді.

 «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғалардың мемлекеттік қызметке түсуіне тиым салынған жөнінде нормалардың сақталуы қамтамасыз етіледі.

Алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау бойынша жұмыстар жалғасады. 

 

«Сарыкөл ауданы әкімдігінің

мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімі» ММ басшысы                                        Ә. Бекмағамбетова

хат жіберу