Блог статистикасы
195
Жазбалар
4939
Өтініштер
197002
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жауапты тұлғалардың байланыс деректерін көрсетумен, өтініштер қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерді шағым жасаудың тәртібі

Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау

Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.

Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңының 10-бабындағы 1-тармағына сәйкес, өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiңқабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс. Берілген жауаппен келіспеген жағдайда өтініш иесі жазбаша өтінішпен аудан әкімінің блогына немесе Сарыкөл к., Тәуелсіздік көшесі, 72 құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мекенжайы бойынша аудан әкімінің қабылдауына жазылуына құқығы бар, тел.: 8-71646-2-27-57, 8-71646-2-36-18.

Өтенова Ләззат Белгібайқызы - Сарыкөл ауданы әкімі аппараты   жалпы бөлімінің басшысы (аудан әкімінің қабылдауы, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері); байланыс телефоны: 8-714-51-22763.

Сәметов Данияр Қапсұлтанұлы – Сарыкөл ауданы әкімі аппараты ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмететтердің көрсетілуін талдау бөлімінің басшысы (аудан әкімінің блогы); байланыс телефоны: 8-714-51-22685

хат жіберу