Блог статистикасы
195
Жазбалар
4937
Өтініштер
196953
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Положение об аппарате

Әкімдіктің 
2012 жылғы 29 желтоқсан 
№ 429 қаулысымен бекітілген

«Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» 
мемлекеттік мекемесі туралы 
ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

1. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкiмi және әкімдік қызметiн ұйымдастыру құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

«Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Сарыкөл ауданының әкімдігі болып табылады.

2. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімі және әкімдігінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асырады.

3. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк - құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жұмыс уақытының ұзақтығы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейі ндемалу және түскі асқа сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліспен белгіленеді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының нормаларына сәйкес қызметкердің келісімі бойынша мерзімнен тыс жұмыс және демалыс және мереке күндері жұмыс істеу жіберіледі.

Қызметкерлер үшін екі демалыс күндерімен бес күндік жұмыс күні белгіленген.

6. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

7. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

8. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ басшысынан бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

9. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кентi, Ленин көшесi, 72.

11. Мемлекеттiк органның толық атауы: 
мемлекеттік тілінде - «Сарыкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде – государственное учреждение «Аппарат акима Сарыкольского района»

12. Осы Ереже «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

13. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

14. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

15. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан әкімі және әкімдігі қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық сапалы және уақытылы қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады.

16. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні аудан әкімі және әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

17. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінің мақсаты барлық құрылымдық бөлімдердің аудан әкімі және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жұмыс тиімділігін арттыру болып табылады.

18. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шеңберінде аудан әкімі және әкімдігінің өкілеттігін жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

2) Атқарушы органның жалпы мемлекеттік саясатын сәйкесті аумақтың мүдделерімен және даму қажеттілігімен бірге жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсету;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да заңдары.

19. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) ауданның ішкі саяси және экономикалық жағдайын зерделеу және талдау, оның дамуын болжау, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның жергілікті атқарушы органдарының және ауылдық округтерінің, кенттің және ауылдың жұмысын талдау, аудан әкімінің және әкімдік мүшелерінің олармен сұрастырылған мәселелеріне ақпаратты дайындау;

2) аудан әкімі және әкімдігінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандыру;

3) аудан әкімі және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

4) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерінің, сонымен қатар ауылдық округтер, кент және ауыл әкімдерінің орындаушылық тәртібі жағдайын талдауды жүргізу, әкімді ақпаратттайды;

5) аудан әкімінің және әкімдік мүшелерінің тапсырмасы бойынша аудан әкімінің және әкімдігінің мүдделерін сотта ұсынады және қорғайды, прокурорлық және басқа да бақылау және қадағалау органдарының әсер ету актілерін қарастырады;

6) облыс әкімдігінің отырыстарын, аудан әкімі және оның орынбасарларының кеңестерін, семинарлар мен басқа іс-шараларын дайындау және жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру!

8) аудан әкімінің және әкімдігінің орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімдерімен өзара әсерін қамтамасыз ету;

9) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ аудан әкімі және әкімдігінің, ауданның жергілікті атқарушы органдарының, ауылдық округ, кент және ауыл әкімдерінің актілерін және тапсырмаларын орындауға бақылауды жүзеге асырады;

10) әкіммен және әкімдік мүшелерімен кіріс құжаттарын уақытылы қарастыруды ұйымдастыру, олардың алғашқы өңдеуін, алдын-ала қарауын, тіркеуін, есебін, сақталуын, жеткізілуін және таратылуын жүзеге асырады;

11) нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес аудан әкімі және әкімдігінің аудан әкімі және әкімдігінің іс жүргізуін ұйымдастыру және жүргізу, оның ішінде құпияны;

12) жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін қолданыстағы заңдарға сәйкес бағалауды жүргізу;

13) жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет мониторингін жүзеге асыру;

14) аудан әкімі, әкімдік мүшелерінің тапсырмасы бойынша құзыреті шегінде тексерістер өткізеді, қажет болғанда сәйкесті лауазымды тұлғалардан ауызша түсініктер тыңдайды және жазбаша түсініктер талап етеді;

15) «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары басшыларының дайындау және қайта даярлауын үйлестіру;

16) «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары басшыларын аттестациялауды ұйымдастыру және жүргізу;

17) ақпараттандыру және деңгейін арттыру және «электрондық үкімет» жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдау;

18) жергілікті атқарушы органдармен кқрсетілетін электрондық қызметті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес дамыту бойынша шаралар қабылдау;

19) аудан әкімінің мемлекеттік наградаларымен, грамоталарымен марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;

20) жеке және заңды тұлғалардың үндеулерін есепке алуды және қарастыруды қамтамасыз етеді, аудан әкімі және әкімдік мүшелерімен жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдауын ұйымдастыру;

21) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі бақылауды жүзеге асыру;

22) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты жүзеге асыру;

23) Қазақстан Республикасының заңдары шегінде сайлауды жүргізу мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдаструшылықпен дайындау және өткізуді жүзеге асыру;

24) әкімшілік-аумақтық құрылғы мәселелері бойынша құжаттарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

25) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру;

20. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құқықты:

1) аудан әкімі және әкімдігінің мүдделерін ұсынуға;

2) өз құзыреті шегінде аудан әкімі және әкімдігі құзыреті бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрауға және алуға;

3) аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына өз құзыреті мәселелері бойынша қажетті ақпараттар алуға;

4) мемлекеттік басқарудың басқа органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару және басқа да ұйымдармен тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселесі бойынша өзара іс-эрекет ету;

5) қолданыстағы заңдарға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге ачыру.

21. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының нормаларын сақтау;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және басқа да жергілікті атқарушы органдардың, аудан әкімі және әкімдігінің актілерін және тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру

22. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның фнукцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

23. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

24. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;

2) аппараттың жұмысын ұйымдастырады және басқарады және аппаратқа жүктелген функциялар мен мiндеттердiң орындалуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шараларды қабылдамағаны үшін жеке жауапкершiлiктi мойнына алады;

3) «Сарыкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi туралы ережені, құрылымы мен штаттық саны жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және оларды әкімдіктің бекiтуiне енгiзедi, еңбек төлемі қорын үнемдеу шегінде қосымша төлемдер, мемлекеттік қызметшілерге материалдық көтермелеулер (сый) белгілейді;

4) iшкi еңбек тәртiбiн белгiлейдi, құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiне жалпы басқаруды және үйлестiрудi жүзеге асырады, олар туралы ережені бекітеді, «Сарыкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi бөлімдері меңгерушілерінің міндеттерін және өкілеттіктерін анықтайды;

5) «Сарыкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнің мамандарын және тезникалық қызметкерлерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес тағайындайды, боатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;

6) мемлекеттік қызмет туралы заңның орындалуын бақылайды;

7) «Сарыкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесінің қызметшілерімен орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) әкімдік қаулыларының, аудан әкімі шешімдері және өкімдерінің жобаларын әкімге қол қоюға ұсынады;

9) қабылданған әкімдіктің қаулыларын, аудан әкімі шешімдерін және өкімдерінің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;

10) мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңдарға және еңбек заңдарына сәйкес кадрлармен жұмысты бақылайды;

11) құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

12) қызметкерлерді іс-сапарларға жібереді;

13) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;

14) нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалар және басқа да құжаттар жобаларын әзірлеу үшін қажет болғанда жұмыс топтарын құру;

15) өз құзыреті шегінде «Сарыкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнің ақшалай қаражаттарына иелік етеді, қаржы құжаттарына қол қояды;

16) әкімммен басшылық ететін басқа да функцияларды орындайды.

«Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңге оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

25. «Сарыкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысы өзінің орынбасарларының өкілеттігін қолданыстағы заңдарға сәйкес белгілейді.

26. Сарыкөл ауданы әкiмiнiң аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Сарыкөл ауданы әкiмiнiң аппаратының басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлiгi

27. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берiлген мүлiк есебiнен қалыптастырылады.

28. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

30. «Сарыкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

хат жіберу