Блог статистикасы
195
Жазбалар
4937
Өтініштер
196949
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Бизнес и инвестиции


ГУ «Отдел предпринимательства акимата Сарыкольского района»


Общая информация об отделе

График приема и обзор обращений граждан



КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ;

Орналасқан орны: Қостанай қаласы;

Пошталық мекенжайы: 110000,Әл-Фараби д., 65, «City Kostanay» бизнес-орталығының ғимараты, 9 қабат, 907 каб.;

Электрондық поштаның мекенжайы:upp@kostanay.gov.kz;

Байланыс телефоны: 8(714-2)575-234, 575-240

Конкурстың нысанасы: «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан жоғары тұлғаларға мемлекеттік грант (өз бизнесін құру үшін) беру.

1.     Бастаушы жас кәсіпкерлерге, бастаушы жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50-ден асқан тұлғаларға;

2.     Бастаушы жас кәсіпкерлерге Жастар жылы аясында.

Конкурс нысаны: ашық конкурс;

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер тапсыру орны:

«Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ, пошталық мекенжайы: 110000, Қостанай қ., Әл–Фараби д. 65, 907 каб., электрондық поштаның мекенжайы: upp@kostanay.gov.kz; байланыс телефоны:8 (714-2) 575-234, 575-240;

Құжаттарды жинақтау және өтініштерді дайындау сұрақтары бойынша кеңестік қолдау алу орындары:

Сарыкөл ауданы кәсіпкерлері үшін: «Сарыкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 111600, Сарыкөл с., Тәуелсіздік к. 67, 2 қаб., электрондық поштаның мекенжайы: sar_predprinimat@mail.ru; байланыс телефоны:                        8 (714-51) 22-7-68;

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Қостанай қ., Әл-Фараби көш. 65, 907 каб. мекенжайы бойынша өзі, пошта немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2019 ж. 27 мамырдан бастап 7 маусымға дейінгі жұмыс күндері, сағат 09:00-нан бастап 17:30-ге дейін (жергілікті уақыт), 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліс.

Өтінімдерді тапсыруды бастаған күні мен уақыты: 2019 ж. 27 мамыр сағат 09:00-нан бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді тапсыруды аяқтау күні мен уақыты: 2019 ж. 7 маусым сағат 17:30-ға дейін (жергілікті уақыт).

Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

Осы хабарландырумен www.upp.kostanay.gov.kz сайтындатанысуға болады.

 




Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) базасында жауапты бизнесті жүргізу принциптерін бұзатын, кәсіпорындардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне халықтық/қоғамның шағымдарын қарау кезінде ерікті, соттан тыс механизмді жүзеге асыратын Ұлттық байланыс орталығы (бұдан әрі – ҰБО) құрылғаны туралы хабарлаймыз.

ҰБО қызметі туралы егжей-тегжейлі ақпарат сонда-ақ Министрлік сайтының «Министрлік туралы» бөлімінде және/немесе келесі сілтеме бойынша http://mid.gov.kz/ru/pages/nacionalnyy-kontaktnyy-centr-po-otvetstvennomu-vedeniyu-biznesa қолжетімді.



Кәсiпкерлiк бiрлестiктерiн аккредиттеу туралы хабарландыру

 

«Сарыкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы» қаулысына, Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы                     8 қазандағы № 318 қаулысына сәйкес кәсiпкерлiк бiрлестiктерiн аккредиттеу туралы хабарлайды.

Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

-         бекітілген үлгідегі өтініш;

-  салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;

-         бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi;

Құжаттар   хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Сарыкөл ауылы, Тәуілсіздік көш., 72, 6-кабинет.

Анықтамалар үшін телефон: 8(71451)22-7-68.


АО "Фонд развития предпринимательства DAMU"

Қостанайлық бизнес 2016 жылды қалай өткізді
хат жіберу