Блог статистикасы
195
Жазбалар
4941
Өтініштер
197801
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қарыз қаражатын банктік емес ұйымдардан интернет желісі арқылы ресімдеу салдары жөнінде халықты алдын – ала ескерту

Қазіргі уақытта банктік қарыздар мен микрокредиттер кредиттеудің негізгі нысандары болып табылады.

Банктік қарыздар рәсімдердің реттілігімен, тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетігінің болуымен, оның ішінде сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің, тұрақсыздық алымының (айыппұлдың, өсімпұлдың) шекті мөлшері, банктік қарыз шартының мазмұнына қойылатын талаптар, кредитті өтеу әдісін таңдау еркіндігі, банктің ұсынылатын банктік қызметтер туралы ақпаратты жария етуіне және клиенттерге консультация беруге қойылатын талаптар, реттеуші Ұлттық Банктің тарапынан қатаң бақылау бойынша тетіктің болуымен сипатталады.

Соңғы уақытта Қазақстанда жылдам кредитті интернет желісі арқылы алу мүмкіндігі туралы ақпарат кеңінен жариялануда.

Интернет желісіндегі сайттарда орналастырылған ақпаратқа сәйкес мұндай онлайн кредиттер халыққа 15 минут ішінде, кепілсіз, комиссиясыз, кезексіз, клиенттің өзі келмей-ақ, клиент туралы ақпараттың барынша аз болуы талаптарымен беріледі.

Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы төмендегілерге назар аудару қажет деп санайды:

1. Осындай онлайн кредиттер бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесі жекелеген жағдайларда 700%, айыппұл санкциялары ескерілген тиімді мөлшерлеме 900%-дан асуы мүмкін.

Сонымен қатар, тұрақсыздық айыбын төлеу бойынша талаптар бар. Кредитті пайдаланудан бас тартқаны үшін айыппұл санкциялары қолданыла бастайды. Айыппұл санкцияларының және комиссиялардың мөлшеріне заңнама түрінде лимит белгіленбеген.

2. Қарыз алушылардың құқықтарын қорғаудың қарыз (микрокредит) бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің 56% мөлшеріндегі шекті өлшемін, қарыз мерзімінде қайтарылмаған жағдайда тұрақсыздық айыбының шекті мөлшерін, қарыз алушының төлем жасауға қабілетін бағалау жөніндегі талаптарды, шарттың мазмұнына және клиентке кредиттеудің барлық талаптары туралы хабарлауға қойылатын талаптарды сақтау сияқты құралдары осы ұйымдардың қарыз алушыларына қолданылмайды.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бұл ұйымдардың қызметін реттемейді. Осыған байланысты, Ұлттық Банк орналастырылатын жарнаманың дәйектілігін, кредиттеу талаптары туралы ақпараттың толық болуын тексермейді.

Бұл ұйымдар ағымдағы берешек, есептелген пайыздар және қарыз алушының борышы туралы мәліметтердің мәнін ашуға міндетті емес, бұл азаматтардың өз міндеттемелері туралы толық және дәйекті ақпарат алу құқықтарына шек қояды.

4. Осындай онлайн кредиттер бойынша шарттар банктік қарыз шарттары болып табылмайды. Сондықтан Банк омбудсманы осы ұйымдар арқылы кредит алған қарыз алушылардың шағымдарын қарамайды.

Көрсетілген ақпаратты назарға алуды сұраймыз.

ҚР Ұлттық Банкінің

Қостанай филиалы

хат жіберу