Блог статистикасы
195
Жазбалар
5034
Өтініштер
203510
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Структура отдела

Мекен жайы: Сарыкөл к., Тәуелсіздік көш, 72
жұмыс уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа 13.00-ден 14.00 –ге дейін. 
Арман Адилжанович Вилямов бөлім басшысы 21-9-49
Серік Серғазыұлы Жұмағұлов сектор меңгерушісі 49-0-58
Светлана Николаевна  Якунина бас маман 22-4-62
Марина Дмитриевна Шотропа бас маман 22-4-62

Функционалдық міндеттер

Бөлім басшысы: - Басқармамен жалпы басшылықты жүзеге асырады, индикаторлы жоспар жобасын, ауданның жиынтық қаржыландыру балансында әзірлеуге қатысады. Аудан экономикасын қаржылық сауықтыру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді және тиісті шаралар әзірлеуге қатысады, жұмыс мәселесіне жататын облыстық бюджетпен қарым қатынасты реттейді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекеме құрылымын жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады, бюджеттік қаржыларды үнемді және мақсатты жұмсауға бақылауды жүзеге асырады, оларды ұстауға бөлінетін, заңдылықпен, нормативтік актілермен сәйкес бірінғай қаржылық-ақшалай жүргізу бойынша басқа да функциялар жүргізеді, сондай ақ экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне жататын тікелей міндеттерден шығарылатын функцияларды және олардың жұмыс мәселесіне жататындарға, барлыұ әкімшілік бюджеттік бағдарламалар бойынша паспорттарды жасау және орындауға бақылау жүргізеді. Бюджеттік комиссияға әкімшілік бюджеттік бағдарламалардың өтініштерін қарастырады, қортындықұрады. Экономика және бюджеттік жоспарлай бөлім жүмысшылар арасында міндеттерді реттейді, Тоқсандық және айлық жоспар жұмыстарын құрудын дұрыстығын тексереді және оларды орындалуын бақылау жүргізеді. Аудан әкімі, оның орынбасарларының және аудан әкім аппараты басшыларының тапсырмаларын орындайды.

Экономика сектор меңгерушісі: - Экономика саласында мемлекеттік саясатты дамытуға бағытталған, жүзеге асару шаралары, экономика бюджеттік жоспарлау бөлімі секторымен жалпы басшылық. Сектор қызметкерлерінің лауазымдық міндеттемелерін, сектор жұмысының жетілік және айлық жоспарларын жүзеге асуын белгілеу.

Барлық құрылымдар және ауылдық округтер кесінінде ауылдық аумақтарды дамыту бойынша есеп дайындайды, ауылдық аумақты дамыту бойынша материалды жинақтайды және барлық құрылымдар бойынша жиынтық кестесін, талдау хатын құрады, облыстық басқармаға экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауылдық округтер әкімдері аппараттарын ұстау, тұрғын үй құрылысы бойынша есептер дайындайды. Ауылдық округтер және кент кесінінде жаңа жұмыс орындарын құру және елді мекендердің көші-қоны бойынша есептілікті ұсынады.

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ауылдық жолдар, пошта, телефонизация, электрификация, сумен жабдықтауды, әлеуметтік қорғауды, экологиялық қауіпсіздікті, қоғамдық қауіпсіздікті, ауылдық округ аппараттарын ұстауды, ауыл шаруашылық өндірістің өсуін, жер қатынастарын және тұрғын үйді дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді, ауыл аумақтарын дамыту аймақтық бағдарламасы бойынша есепті, ауылдық аумақтарды дамыту мониторингі бойынша есепті дайындайды және барлық құрылымдар және ауылдық округтер мониторингті жүзеге асырады, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бастамашыл ауылдар бойынша мәселелерді, сонымен қатар ауылдар және кенттерді ыдырату, қайта қондыру және одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар дайындайды. Әлеуметтік-экономикалық дамыту орта шұғыл жоспарының жобасын әзірлейді. Бөлім басшысының тапсырмасын орындайды..

Бас маман: - Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін басқару аппаратының бухгалтерлік есеп және есептілік жөніндегі жұмысын ұйымдастырады, бухгалтерлік есепті жүргізудің белгіленген ережесін сақтауға, алғашқы құжаттарды ресімдеуге бақылауды, аппаратты ұстау бойынша бюджеттік өтінімдерді және қаржыландыру жоспарын құруды жүзеге асырады, бухгалтерлік құжаттарды, кітаптарды, аппарат бойынша қаржыландыру жоспарын орындауды есепке алу жөнінде ескерткіш ордерлерін жүргізеді, орындалу есебі бойынша, синтетикалық және талдау есептерін, аппаратты ұстау бойынша қарыздар туралы бухгалтерлік тізімге жазбаларды енгізеді, еңбекақы және жұмыс берушілердің есептері бойынша қарыздарды оперативтік кредиторлық талдауды жүргізеді, кіріс бойынша бюджет жобасының болжамын құруға қатысады, ақпараттарды жинауды және кірістерді жоспарлау үшін деректер базасын   құруды жүзеге асырады, үш жылдық кезеңге кірістердің түсімін жоспарлайды, кірістердің болжамды түсу есебін құрайды, МКК, МКҚК өндірістік-шаруашылық қызметінің жұмысын және талдауын жүргізеді, аудандық бюджеттің кірісіне мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісін толық есептеу туралы ақапаратты уақтылы жинау және талдауды жүзеге асырады, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына аудандық бюджеттің кіріс бөлігін жоспарлау және құру мәселелері бойынша ақпаратты дайындайды. Бөлім басшысының тапсырмасын орындайды.

Бас маман: - Бекітілген мемлекеттік мекемелер бойынша аудан бюджетін құруға қатысады, бюджеттік өтінімдерді, бюджеттік комиссияға бюджеттік бағдарламалардың әкімшілігін қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінімдерді, бюджеттік бағдарламалар паспорттарын қарастырады және олар бойынша қорытынды дайындайды, бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы есеп негізінде бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бағасын шығарады, бюджеттік комиссияға қорытынды дайындайды, дебиторлық және кредиторлық қарыз жағдайына бақылауды жүзеге асырады және оны қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізеді, бекітілген атқарушы органдар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жүйелендіреді. Бірыңғай бюджеттік жіктеуге өзгерістерді уақтылы енгізу бойынша жауапкершілікте болады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жоспарлау және атқарушы органдардың іс-шараларға шығындарды пайдалану мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына оған бекітілген бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және құру мәселелері бойынша ақпаратты дайындайды, бюджеттік комиссияның хатшысы болады, бюджеттік комиссия отырысының хаттамасын, жергілікті бюджетке өзгерістер енгізу мәселелері бойынша бюджеттік комиссияның отырысы бойынша ұсыныстар құрайды. Бұйрықтар, іс жүргізуді жүргізеді және құжаттардың орындалуын бақылайды. Бөлім басшысының тапсырмасын орындайды.

хат жіберу