Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198487
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Бөлім туралы жалпы ақпарат

«Сарыкөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме.

1.     Пошталық мекен жай: 111600, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл а., Тәуелсіздік көш. 72, телефон 21-7-94, 21-0-94, факс 21-7-94

2.     Басшысының м. а. А. Т. Ә. Алёна Васильевна Толпакова

3.     Электрондық пошта адресі: otdfin_sar@mail.ru

4.     Сенім телефоны: 21-0-94

5.     Өкілеттілігі:

«Сарыкөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бюджетті орындау, жергілікті бюджетті орындау жөніндегі бюджеттік есепті және есеп беруді жүргізу саласында басқаруды жүзеге асыратын, сондай-ақ коммуналдық меншік объектілерін басқару саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Мақсаты мен міндеттері.

-                     аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейінгі сатып алу құқығысыз немесе шағын кәсіпкерлік субъектілердің меншігіне қайтарымсыз негізде кейінгі табыстау құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) ұсынады.

-                     жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік коммуналдық мүлігін бағалау.

-                     коммуналдық мүліктің сатуын ұйымдастыру.

-                     мемлекеттік крммуналдық мүлікті сатып алу атып алу құқығысыз сенімгерлікке беру.

-                     Ауданның коммуналдық меңшігімен иелену, оны қорғау шараларын атқарады.

-                     Аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізіміне қосылған аудандық коммуналдық мүлікті облыс атқарушы органнының алдын ала келісімімен жекешедендіруге береді.

-                     аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруге сауда өткізілуі туралы баспаға жарнама беріп Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатыпалу туралы» Заңына сәйкес конкурс өткізеді.

-                     коммуналдық мүлік реестірін жүргізеді.

-                     Сарыкөл ауданы қаржы басқаруымен айналысады.

-                     жергілікті бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді.

-                     міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдер мен қаржыландырдың жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте құрастырады және бекітеді.

-                     түсімдердің қаржыландыру жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарына Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте жылдық сомаларды қосқанда өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

-                     бюджеттік қаражаттың игеру мониторингін анализ және жылдық соманы айлап бөлу бағасы арқылы, қаржыландыру жоспарына еңгізілген өзгерістер негізінде, қаржыландыру жоспарының орындалмау себептерін табу.

-                     ҚР Бюджеттік Кодексіне сәйкес жоғарыда тұрған мемлекеттік басқару органдарына жергілікті бюджеттің орындалуы туралы айлық, жылдық   және басқа – да есептерді беру.

ММ міндеттері мен өкілеттілігін анықтайтын нормативті – құқықтық актілер, заңдар тізбесі

       Мемлекеттік мекеме өз қызметін Конституция, Қазақстан Республикасы Бюджетік кодедсіне, Қазақстан Республикасы Салық кодексіне, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне, Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалу Ережелеріне, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы өзін өзі басқару және жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, «Республикалық бюджет туралы» Заңына (жыл сайын), «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес атқарады.

ММ құзіретінде бар мәліметтер базасы, ақпараттық жүйе тізімі.

EUOL – жеке және заңды тұлғалардың үндеуін тіреу,

«Парус» бюджеттік бағдарлама.

        

хат жіберу