Блог статистикасы
195
Жазбалар
5031
Өтініштер
203384
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«ҚҰБ Online» мобильді қосымшасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі реттеушінің қызметі және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен өзара іс-қимыл жасау үшін халыққа ыңғайлы «ҚҰБ Online» мобильді қосымшаның іске қосылғанын жария етті.

Бұл мобильді қосымша көпшілікке таныс Whatsapp, Viber немесе Telegram мессенджерлеріне ұқсас бағдарламалық құрал. «ҚҰБ Online» қосымшасын AppStore және PlayMarket дүкендерінен мемлекеттік және орыс тілдерінде көшіріп алуға болады.

«ҚҰБ Online» бірнеше сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, пайдаланушының елдің бас банкіне қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сұрақ қойып, оған жедел түрде жауап алу мүмкіндігі бар. Екіншіден, бұл кезде толық құпиялылық қамтамасыз етіледі.

Виртуалды көмекшінің интерфейсі өте ыңғайлы. Басты парақшада негізгі бөлімдер ұсынылған: «Банкноталар және монеталар», «Ипотекалық кредиттер», «Айырбастау операциялары», «Банктердегі қызмет көрсету», «Төлемдер», «Банкоматтардың жұмысы» және т.б.

«ҚҰБ Online» қосымшасына өтініш жолдау үшін, сәйкесінше бөлімге кіріп, өтініштің мәтінін теру керек. Бұл хабарламаға реттік нөмір беріліп, кейін ол жұмысқа қабылданады. Қаралғаннан кейін өтініш берушіге жауап беріледі. Бұл орайда, «ҚҰБ Online» арқылы берілген жауаптар Ұлттық Банкінің ресми жауабы емес, тек ақпараттық-түсіндірме сипаты бар жауап екенін ескерту қажет. Пайдаланушы келісіміне сәйкес жауаптар бір тәулік ішінде беріледі. Демалыс және мереке күндері түскен сұрақтарға жауаптар келесі жұмыс күні ішінде беріледі.

Ресми жауапты алу қажет болғанда, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банкке өтініш беру қажет.

ҚҰБ Online» мобильді қосымшасының тағы бір тиімді жері – бұл жаңалықтар. Бұл бөлімде Ұлттық Банкінің үнемі жаңартылып отыратын жаңалықтар және ақпараттар таспасы қосылған. Бұл өз кезегінде, қазақстандықтарды қаржы саласында болып жатқан маңызды оқиғалар мен соңғы жаңалықтар туралы хабардар болуына жолын ашады.

Осы қосымшаны көшіріп алуға арналған сілтеме интернет-ресурста және Ұлттық Банкінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында ұсынылған.

                                  ҚР Ұлттық Банкінің

Қостанай филиалы

хат жіберу