Блог статистикасы
195
Жазбалар
5031
Өтініштер
203383
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Данияр Ақышев – Валюталық ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету бағдарламасы қабылданды

2018 жылғы 27 наурызда ҚР Ұлттық Банкінің Басқармасы 2015 жылғы сәуірде қабылданған Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Бұл туралы Басқарма отырысының қорытындылары бойынша ҚР ҰБ Төрағасы Данияр Ақышев айтып берді. «Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар екі блоктан тұрады. Бірінші блок Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық Банкке берген тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Мемлекет басшысы Ұлттық Банкке халыққа 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздар бойынша мәселені түпкілікті шешуді тапсырды. Қазақстанда осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде іс жүзінде жеке тұлғалардың баспанамен және өзге жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген барлық валюталық ипотекалық қарыздары теңгеге ауыстырылатын болады», - деп атап өтті қаржы реттеушісінің басшысы. Д. Ақышев 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістері шетел валютасында емес жеке тұлғаларға шетел валютасында жаңа ипотекалық қарыздар беруге заңнамалық тұрғыдан тыйым енгізілгенін еске салды. Ұлттық Банк басшысы жаңартылған бағдарламаның негізгі талабын айтып өтті. «Ол жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған валюталық ипотекалық қарыздарын Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді. Бағдарламаға енгізілген толықтырулар 21 000-нан аса қарыз алушының қарыздарын өтеуге оңтайлы жағдайлар жасайды». Д. Ақышев валюталық ипотекалық қарыз алушылардың назарын бағдарлама шеңберінде қарызды қайта қаржыландыру туралы өтінішпен өзінің кредит берген банкіне тез арада жүгіну қажеттілігіне аударуды сұрады. «Бағдарламаға енгізілген өзгерістердің екінші блогы 2004 – 2009 жылдардағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл бағдарлама шегінде бүгінгі күні 23 000-нан астам қарыз алушыға көмек көрсетілді. Олар өздерінің жалғыз баспаналарын сақтап, ипотекалық қарыздары бойынша төлемдерін жеңілдете алды. Ақшаны игерудің револьверлік тетігін ес
хат жіберу