Блог статистикасы
195
Жазбалар
5015
Өтініштер
202692
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қазақ тілі - елімнің тілі!

          Ағымдағы жылдың 8 тамызында «Сарыкөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, этнос өкілдерін ынталандыру, дарынды жастарды анықтау және қолдау мақсатында «Тіл- парасат» атты этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлері арасында аудандық байқау өткізді.

         Байқауға ауданның 17 мен 22 жас аралығындағы азаматтар қатысты. І кезеңде қатысушыларға ұсынылған тақырып бойынша ауызша тұсаукесер жасау тапсырмасы берілді. ІІ кезеңде жазбаша және ауызша тапсырмалар берілді: а)қазақ тілінде эссе жазу; ә) ұсынған тапсырма бойынша жұппен диалог құрау. ІІІ кезеңде қатысушылар «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы: қазақтың халық немесе заманауи әнін орындау, би, күй немесе заманауи театрландырылған интерпретациядағы қазақ тіліндегі көркем шығарма үзіндісінің қойылымы тапсырмаларын орындады.

   Тимирязев ОМ 11- сынып оқушысы Пивоварова Екатерина жеңімпаз атанды.

хат жіберу