Блог статистикасы
195
Жазбалар
5038
Өтініштер
203654
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мәдениет бөлімінің қызметі

Мемлекеттік органның қызметі

«Сарыкөл әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан республикасындағы тілдер туралы» және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру бойынша аудан әкімдігінің атқарушы органы, мемлекеттік құрылтайшы (мемлекеттік органы» болып саналады. Бөлім аудандық бюджеттің қаражаты есебінен ұсталады. Бөлім өзінің жұмысын Конституцияға және Қазақстан Республикасының Заңдарына, Президенттің актілеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қостанай облысы және ауданы әкімдіктерінің қаулыларына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлім заңды тұлға болып саналады, оның аумақтық қазынашылық басқармасында өзінің есеп шоты, мөрі және мөр табаны, өзінің мемлекеттік тілдегі атауымен, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.

Бөлімді белгіленген заңнама тәртібімен, лауазымына аудан әкімімен тағайындалатын және босатылатын басшы басқарады. Басшы бөлімді басқарады және тікелей басқару негізінде оның жұмысын ұйымдастырады және Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін өзіне дербес жауапкершілік артады.

Осы мақсатта Бөлім басшысы:
- бөлімнің штат кестесін және құрылымын бекітеді;
- бөлімге қарасты мекемелер мен кәсіпорындардың директорларын және бөлімнің қызметкерлерін лауазымдарынан заңнамаға сәйкес босатады және тағайндайды;
- бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді және олардың лауазымдық міндеттерін анықтайды;
- белгіленген заңнамалық тәртіппен бөлім қызметкерлерін тәртіптік жаза қолданады;
- белгіленген заңнамалық тәртіппен Бөлім қызметкерлін ынталандыруды жүзеге асырады;
- ағымдағы және перспективалық жоспарларды бекітеді;
- бөлімге қатысты мекемелер мен кәсіпорындарға және өз құзыреті шегінде Бөлім қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады;
- ақылдасушы-кеңесуші органы ретінде, өз жұмысының негізгі мәселелерін қарауға кеңес құрады;
- басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Бөлімді көрсетеді;
- заңнамаға сәйкес басқа уәкілеттіліктерді атқарады.

2013 жылға аналитикалық ақпарат

Сеть. 2010 жылдан бері Сарыкөл ауданы мәдениет жәнетілдерді дамыту бөлімінің мәдениет мекемелерінің саны тұрақты: 28 кітапхана, 24 клуб және 1 оқыту орталығы.

Кадрлар. Мәдениет жүйесінде барлығы 107 адам, оның 101 мәдениет қызметкері, тілдерді оқыту орталығында 6 адам. 72 адам шығармашылықпен жұмыс істейді, оның 33 арнайы білімі бар. Мамандығы бойынша оқытуға жіберілгені 17 адам.

Бюджет. 2013 жылға бюджеттен бөлінген қаражат 1085750,0 мың теңге құрады (2012ж. 86412,0 мың .тенге).

Кітапхана жүйесін қаржыландыру - 45564,0 мың тенге, клуб саласына – 495690, 0 мың тенге, бөлім аппаратына 7857,0 мың тенге., тілдерді оқыту орталығына -5585,0 мың тенге.

Материалды техникалық қор 3262,0 мың тенгеге нығайтылды (музыкалық аппаратура 341,0 мың тенге, сахна костюмі 1541,5 мың тенге, жиһаз 657,0 мың тенге, компьютер және орг техника 722,468 мың тенге. ) .

Мерзімді баспасөзге жазылуға - 1500,0 мың тенге. Әр кітапханаға орташа 53 0 мың тенге.

Кітап қорын толықтыруға 1000,0 мың тенге бөлінді, әр кітапханаға 35,0 мың теңгеден.

Жөндеу. 2013 жылы мәдениет бөлімдері 3112,0 мың теңге ағымдағы жөндеуге жұмсалды. Оның 3095,5 мың теңгесі тартылған қаражат.

Аудан бюджетінен бөлінген 8975,6 мың теңгеге АМҮ ғимараты жөнделді: 44240,0 мың теңгеге ғимарат сырты жөнделді. Дискозал едені 1794,0 мың теңгеге ауыстырылды, есік блоктары 258,0 мың теңгеге, дискозалдың ағымдағы жөндеуі 2500,0 мың теңгеге.

Аудандық кітапхананың кітап қоры 222781 дананы құрады, оның 43839 данасы қазақ тілінде.
Оқырмандар келуі -125992 адам.
Оқырмандар - 12730 адам.
Кітап беру - 256647 дана.

Жыл ағымында кітапханада өткізілген ірі шаралар: Сарыкөл ауданының құрылғанына 85 жыл толуына орай өлкетану сабағы «Менің ауылым – менің тағдырым», астананың 15 жылдығына орай флеш-моб «Сәлем астана, оңтүстік қыраны, Астана», Қазақстан Республикасы Президентінің «Стратегия «Қазақстан - 2050» видео, «Ғасыр қасіреті –халық жадында» саяси құрбандарға арналған еске алу кеші, «Ауылдан хат» В.В. Стародуб кітапбының тұсаукесері, «Ұлы даланың дәстүрлі әндері» халық әндері, күйлер және эпостарға арналған әдеби - әуенді кеш, слайд-лекциялар, семинарлар және т.б.

2013 жылы аудандық Мәдениет үйінде 1640 шара өткізілді, онда 12400 адам қатысты. Ауданда 80 шығармашылық топ қызмет көрсетеді, онда 788 қатысушы, 1 ұжым «Халықтық» атағына ие.

Жыл ағымында мемлекеттік мерекелер мен ұлттық мейрамдарға арналған шаралара өткізілді:

«Тын-Целина 2013» аудандық спортакиада, аудандық байқаулар: «Пай, пай келіндер-ай», «Тамаша», «Қазақшаңыз қалай?», «Отан мехрабы», «Наурыз Аруы», «Отан неден басталады» «Жастар даусы», «Жас талап», фестиваль «Екі жұлдыз», заманауи билер фестивалі «Step Up», жерлес жазушы Ж. Ысмағұловты еске алу кеші, халық театрының 40 жылдығына арналған шығармашылық кеш, Қоскөл ауылында мемориалдық тақта ашу, Имам Т.М. Дүтпаевтың 70 жылдығына арналған шығармашылық кеш, жаңа жылдық шаралар және т.б.

Шағын аулдарға концерттік бағдарламалар және қуыршақ театрының жұмысы.

облыстық және халықаралық байқаулар мен фестивалдерге қатысуы:
- 12 Ресейдегі жастар ойыны: «Дельфийский Новосибирск 2013» - аудан атынан Н.Қажиев қатысты;
- Башкирский Рок-фестиваль «Бөйөк дала»- Н.Қажиев қатысты
- «Би әсемдік әлемі» би фестивалі - Федоровка ауданында
- «Жас даурен» жас орындаушылар байқауы Ұзынкөл ауданы

2013 жылы Тілдерді оқыту орталығында 239 тыңдаушы бар. 197 тыңдаушы мемлекеттік тілді оқып жатыр. 42 тыңдаушы ағылшын тілін оқуда. 2013 жылы 23 тыңдаушыға мемлекеттік тілді оқу курсын аяқтағаны туралы және 4 тыңдаушыға ағылшын тілін оқу курсын аятағаны туралы сертификат берілді.

Жыл – жыл 12 аудандық байқау өткізіледі: Бөкей оқулары, «Бала тілі бал» және т.б. Аудандық байқау жеңімпаздары облыстық байқауларға қатысады. Тіл мәселесіне арналған дөңгелек үстелдер жоспар бойынша жүргізіледі.

НПО ұйымдарымен бірге құны 200,0 мың «Өткенсіз болашақ жоқ» жобасы жүзеге асырылды.

 

хат жіберу