Блог статистикасы
195
Жазбалар
5015
Өтініштер
202695
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мемлекеттік мекеме туралы жалпы ақпарат

Мемлекеттік мекеме туралы жалпы ақпарат

1. Заңды мекенжайы: 111600, Қазақстан Республикасы, Костанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Пушкин көшесі, 97
2. Бастықтың аты – жөні: Бекмагамбетова Алия Молдабайқызы
3. Электронды пошта мекенжайы: sar_kultura@mail.ru
4. Байланыс телефоны: 8714 (51) 21-5-73
5. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: 8 (714 - 51) 21-5-73

 

Негізгі міндеттері:

1) аудан аймағында тұратын барлық халықтар мәдениетін дамыту және сақтау үшін жағдай жасау;

2) азаматтардың шығармашылықта, мәдени қызметте бостандықтарын жүзеге асыруға көмектесу, рухани қажеттілікті қанағаттандыру;

3) халықтың әр түрлі жіктеріне мәдени – демалу қызметінінң әртүрлігін қамтамасыз ету, демалу саласының дамуына көмектесу;

4) мәдениет саласында мемлекеттік қаржылай – инвестициясының иновациялық саясатын іске асыру;

5) мәдениет, өнер мен кино, тарихи- мәдени мұраны қолдану және сақтау мәселелері бойынша халықаралық байланысты дамыту;

6) мәдениет пен тарихи ескерткіштерін қолдану және жаңғырту, қорғау саласында мемлекеттік бақылауын жүзеге асыру;

7) аудан аймағында Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңдылығын іске асыру;

8) облыстық ономастикалық комиссия жұмысында көмек беру, ауданда терминологиялық, ономастикалық жұмыстарын үйлестіру;

9) мәдениет және қазақ тілін дамыту мен сақтау мәселелері бойынша шекаралас Ресей Федерациясы облыс тұрғындары қазақ диаспорларымен байланысын қамтамасыз ету;

10) мемлекеттік тілді іске асыру туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты ақпараттандыру, өз жұмысын жарияландыруда қамтамасыз ету.

Бөлім міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының аймақтық тұтастығы, азаматтар бостандығы мен құқығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендігін бекіту мен сақтау бойынша Қазақстан Респуликасы Президентінің саясат өміріне өткізу;

2) мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша аудан әкімінің өкімі мен шешімі, оның орынбасарларының өкімдері, ұсыныс пен шарттарын жасау, аудан бағдарламасын дамыту және жоспарларды дайындау;

3) ұйым жұмыстарын оларды іске асыру, мәдени мұраны сақтау және қолдану, мәдениет пен өнер бағдарламасы бойынша мәдениет қызметкерлері, жергілікті орындаушы органдары, шығармашылық одақтары және басқа қоғамдық ұйымдармен бірлесіп өңдеу;

4) аудан аймағында мәдениеттің даму жағдайын талдайды және болжайды, мәдениет қызметінің жеке түрлерінің даму мақсаттары мен маңыздылығын жүзеге асыру;

5) тарихи- мәдени мұра обьектлеріне мемлекеттік есеп, оларды қорғау және пайдалану заңдылығының сақталуына бақылау жүргізу;

6) аудан аймағындағы өз ұлттық- мемлекеттік құрылымдардан бөлек тұратын азаматтардың қоғамдық орталықтары мен ұлттық мәдениет ұжымдарының қызметтеріне көмек пен қолдау көрсету;

7) кадрларды дайындау, қайта дайындау және кәсіптік деңгейін көтеру;

8) мәдениет саласында өткізіліп жатқан экономикалық реформалардың іске асуына және тереңдетілуіне ықпал жасайды, жаңа экономикалық жағдайда аудан мәдениетін ұйымдастыруда үлгі тәжірибелерді қорытындылайды және таратады, оларға қажетті әдістемелік көмек көрсету;

9) мәдениет, өнер және кино ұжымдарын қаржыландыруға ұсыныстар енгізеді, мекемелік қарасты ұжымдарға қаржы мөлшерін тағайындайды және олардың дұрыс пайдаланылуына бақылау жүргізеді;

10) мәдениет өнер мен киноға кәсіпкерлік қызметтің қатысуын бюджеттен қаржыландыруды өзін-өзі қамтамасыз етудің түрлі үлгілерімен сәйкестендіруге бағытталған негізде мәдениет ұжымдарының қызметтерінде еңбек келісімінің контракт үлгілерін, шаруашылықтың жаңа экономикалық әдістерін, қызмет сапасын көтерудің қазіргі үлгілері мен әдістерін енгізуді қамтамасыз ету;

11) аудандық маңыздылығы бар мәдениет пен өнер обьектлерінің салыну және жөндеу барысына бақылау жасайды, күрделі жөндеу, қайта жаңарту және салуға бөлінген ақшаның игерілуін қадағалауды жүзеге асыру;

12) мекемелік қарасты ұжымдарда арнаулы көліктің жұмысын, техникалық және өрттік қауіпсіздік ережелері мен нормаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

13) облыстық ұжымдарда аудан мәдениеті мен өнерінің мүдделерін ұсынады, Қостанай облысының басқа аудандарымен мәдени байланыс шарттарын, қолданып жүрген заңдарға сүйене отыра ұсынысын жасау;

14) бөлімнің біліктілік сұрақтары бойынша ауылдық және кенттік округтар аппараттарына, мәдениет сала кәсіпорындары мен ұжымдарға, шығармашылық ұйымдарға, басқа қоғамдық ұжымдарға әдістемелік көмек көрсету;

15) қазақ, орыс және өзге ұлттар тілдерінің қолдану аясын кеңейту үшін жағдай жасалуын қамтамасыз ету;

16) Қазақстан Республикасының заңдылығымен қарастырылған басқа қызметтерді жүзеге асыру;

Бөлімнің негізгі міндеттері мен қызметтерін іске асыру мақсатында төмендегідей құқығы бар:

1) мәдени мұраларды қорғау және пайдалану заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізуін жүзеге асыру;

2) бөлiмнiң құзыретiне кiретiн байқау, конкурс, кездесулерді өткізу, көріністерді ұйымдастыру, мұражай мен кітапханалық айырбастау, басқа да іс-шараларды өткізу;

3) өнер шығармаларын дайындау жұмыстарын қаржылындыру, музыкалық шығармаларды пайдалану, мәдениет пен өнер саласында іс-шаралар өткізу, әдісқой өнер,қолданбалы өнер,музыкалық өнер, драматургия, халықтың шығармашылық бұйымдарын сатып алу;

4) ауданның өкімет өкілдерінің органы шешімдеріне сәйкес тілдерді дамыту, мәдени мұра, өнер, мәдениетті дамыту және қолдау қорларын құру;

5) Бөлімнің біліктілігіне қатысты, лайықты ұсыныстарын өндіру үшін уақытша жұмыс топтарын құру, мәселенің дайындалуына қатысатын мемлекеттік органдары мен басқа ұйымдардың жұмыскерлерін қатыстыру, ақпаратты азаматтар мен басқа ұйымдары мен лауазымды адамдардан, мемлекеттік органдардан сұрау салу;

6) ауданда Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында тілдер туралы” Заңның іске асыру жағдайын зерттеу;

7) мәдениет көпшілік шараларын насихаттау және мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған дайындығы мен өткізуі , тілдік саясатты орындау мәселесінде басқа мемлекеттік мекемелерімен қарым- қатынаста болу.

 

хат жіберу