Блог статистикасы
195
Жазбалар
5038
Өтініштер
203654
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жаңғыру жолында

Бүгінгі Қазақстан толық қалыптасқан ел, сондықтан негізгі міндет әлемде болып жатқан барлық өзгерістерге дер кезінде ілесіп қана қоймай, барлық сала бойынша алға шығу. Ол үшін елдің әр тұрғыны өзінің өмірлік бағдарын ел мүддесіне үлес қосуға бейімдеу қажет деп білуіміз керек.

Елбасының осы бағдарламалы мақаласында көрсетілген міндеттерін толық бір кісідей орындап шықсақ, келешек үшін зор қызмет жасаған болар едік. Осы мақала ондаған жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Мәдени мұра» және «Халық тарих толқынында» атты бағдарламалармен ұштастырылып, соларға негізделген.

Ежелден тарих парақтарынан ойып орын алып жүрген қазақ үшін әлемнің отыз алдыңғы қатарлы елдер қатарынан көрінем десе қолынан келері сөзсіз. Барлығымыз білетіндей қай ел болмасын еліне бір өзгеріс енгізер алдында, өзге мемлекеттер тәжірбиесін жан – жақты зерттеп, дайындалып, өзіне қолайлысын алады. Біздің алдымызда да еліне өзгерістер енгізіп, қысқа мерзімде елін дамыған алдыңғы қатарлы мемлекет қатарына қосқандар бар. Әрине әр бастаманың басы халық қолдауы және жұртшылықтың сана – сезіміне байланысты. Ал Елбасының биылдан бастап бәсекеге қабілеттіліктің үшінші жаңғыртуын бастауы дер кезінде басталған бастау.Бұнда саяси реформа, экономика дамуының жаңа модельі және қоғамдық сана – сезімді жаңғырту бағыттары қамтылған, үшеуі де болашақтың қамы.

Қазақстанда әлемде ежелгі ата – баба жолына түсіп, қуатты да жауапты адамдар ұлтына айналуымыз қажет. Біздің мекеме бойынша осы мақаланың үш бағытымен жұмыстары басталып кетті.

Мақалалы бағдарлама қазақ тілін латын графикасына көшіруден басталады. Тіл ол ұлттың мақтанышы, өткені мен болашағының айнасы. Ал бүгінгі күні латын графикасы барлық алдыңғы қатарлы ғылыми дамыған мемлекеттердің ортақ графикасына айналып бара жатыр. Жалпы латынға көшу мәселесі өткен ғасырдың басынан бастады.Кеңес үкіметі өз аумағындағы елуден аса ұлт өкілдерін жиырма үшінші жылы латын графикасын ұлтаралық алфавит деп танып көшіре бастады. Тек отызыншы жылы латынға көшіруге тиым салып, 1936 -1940жж. кеңестер елі кирилицаға көшті. Содан бұл мәселе кеңес ыдырап мемлекеттер Тәуелсіздік алған кезде қайта бастама бастады. Сол 1991 жылдары азербайджан, түркімен, өзбектер латын қарпіне көшіп алды.Енді бұл мәселе біздің елде көтеріліп, дайындық жұмыстары басталып кетті.

Еліміздің киелі жерлеріне келетін болсақ, болашақта саяхаттаушылардың назарына ұсынатын қасиетті, киелі жерлер көп, бірақ олардың барлығын насихаттап, халыққа қызмет көрсету арқылы таныстыруға жағдай жасалмаған. Қазіргі кезде ел бойынша қасиетті жерлердің мәліметтері жинастырылып, Қазақстанның қасиетті жерлерінің картасы жыл соңына дейін құрастырылмақ. Ол картаға да біздің өңірден киелі нысандар кіруі мүмкін. Жалпы саяхатаушыларға көрсететін нысандар біздің ауданда да жетерлік.

Ал қазіргі заманғы мәденитке келер болсақ, ауданның өнерлі азаматтары тек ауданда, облыс, республикаға ғана емес, шекаралас елдерге де барып өз өнерлерін паш етіп көрсетіп жүр. Енді бұл бағыт бойынша жетістіктер көбіне өз шығармашылығын заманауи үлгіде жеткізе білумен бағаланады.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г. Елеуова

хат жіберу