Блог статистикасы
195
Жазбалар
4941
Өтініштер
197716
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Атамекен» ҚР ҰКП 8-800-080-80-10бірыңғай нөмірін іске қосты

Бүгінгі күнге дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында 59-79-60 бірыңғай нөмірі жұмыс істеп келген еді. Алайда қызмет көрсету нөміріне тек облыс орталығындағы стационарлық телефондар ғана тегін қоңырау шала алатын. Сол себепті ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді толық қамту үшін, кез-келген ұялы оператордан қоңырау шалуға болатын 8-800-080-80-10 бірыңғай нөмірі іске қосылды.

Кәсіпкерлер барлық сұрақтар бойынша және кеңес алу мақсатында 8-800-080-80-10 нөміріне еліміздің кез-келген өңірінен тегін хабарласа алады. Сондай-ақ олар өз мәселелерін айтып, мамандарға сауалдарын жолдай алады. Ұлттық палата сарапшылары құқықтық және басқа да мәселелер бойынша қажетті кеңестер жүргізеді. Қазіргі қолданыстағы мемлекеттік қолдаулар туралы түсіндіріп береді. Сонымен қатар Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аясында өткізілетін конференциялар мен семинарлар туралы, жалпы Ұлттық палатаның қызметі туралы ақпарат алуға болады.

хат жіберу