Блог статистикасы
195
Жазбалар
5023
Өтініштер
203125
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес саласына электрондық қызмет көрсету бойынша «Бірыңғай терезе» жобасын іске қосты.

2016 жылдың 1 қарашасынан бастап, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлерге электрондық қызмет көрсетуге арналған «Atameken Services» жобасының тұсауын кесті.

Ендігі сәтте, кәсіпкерлер, ұялы телефонды, планшетті немесе компьютерді қолдана отырып, «Атамекен» ҰКП қызметтеріне қашықтықтан тапсырыс бере алады.

Баршаға аян, кәсіпкерлердің барлығы дерлік, тұрақты түрде сауда көлемін ұлғайту, шығындарды азайту, жұмысқа кәсіби кадрларды тарту, қолдау шараларына ие болу сияқты мәселелермен жолығып жатады. Осы орайда, көп бизнес иелері, іс жүзінде бар қолдау түрлері, қандай жерлерге хабарласу керек, ақыл-кеңес пен қызметтерді қайдан алуға болатыны сынды ақпараттан мүлде бейхабар. Бизнесті дамытуға мұқтаждық өткір болғанымен, құзырлы тараптар шашыраңқы орналасқан.

Қазақстан Республикасында бизнесті өркендету жөніндегі басты сервис провайдері ретінде, барлық қолданыстағы қолдау шаралары мен бизнесті дамыту қызметтерін «бірыңғай терезеге» біріктіру идеясын негізге алған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Atameken Services» жобасының бірінші кезегін іске қосуда.

[Бейнебаян]

Web: http://services.palata.kz

Android: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.npp.nppapp

iOS: желтоқсан басына қарай

Бүгінгі таңда «Atameken Services» қызметтер тізілімінде 8 қаржылық емес қолдау бағытында 76 тегін қызмет және деректеме бойынша заңды тұлға жайлы ақпарат іздестіру қызметі қолжетімді. Анығырақ тоқталсақ, бұл:

•    мемлекеттік сатып алуларға, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына байланысты қызметтер;

•    бухгалтердік және салықтық есеп жүргізу және де статистикалық есеп әзірлеу;

•    менеджмент жүйелерін енгізу бойынша барлық үдерісті толық сүйемелдеу және кеңес беру;

•    ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы кеңес берулер;

•    менеджмент мәселелері бойынша қызметтер;

•    маркетинг мәселелері бойынша қызметтер;

•    кедендік іс-қимылдар;

•    заң қызметтері.

«AGILE» әдістемесі бойынша Ұлттық палатаның қолданыстағы электрондық қызметтерін бір терезеге шоғырландыру жұмысы жалғасуда. Бұл, өз кезегінде, әр ай сайын қолжетімді қызметтер санын арттыруға және кәсіпкерлер сұранысы арқылы қосымшаның кескін-келбетін жақсартуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, кәсіпкерлерді қосымшаны бета-тестілеуге белсенді қатысуға және қызметтер көлемін кеңейту бойынша өз ұсыныстарын беруге шақырамыз.

«Atameken Services» жобасының келесі кезегіне қызметтер қосу жайлы мына сілтеме арқылы арқылы өтіп, дауыс бере аласыздар.

Ұтқыр қосымшаны орнату және тіркеу туралы кеңесті Call-centr телефоны арқылы алуға болады: 87172270460

Видео http://files.mail.ru/8099D047A5C9417B88BD4430D0C9FAF4

                http://files.mail.ru/0471D55BDD574AD3834459919D8D5A68

хат жіберу