Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198584
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Кәсіпкерлер палатасы мен Қостанай облысы әкімдігі «Атамекен Қостанай» микроқаржылық ұйым» ЖШС құру туралы құрылтайшылық құжаттарға қол қойды

Ол Ұлттық банкте тіркелгеннен соң-ақ іске қосылады. Осылайша, маусым айының соңы мен шілде айының басына қарай өңір тұрғындарына өз ісін ашу үшін тиімді шарттармен несиелер беріле бастайды.

Ұйымның құрылуына осы жылдың наурыз айында жасалған «Атамекен» ҚР ҰКП, Еуразиялық топ пен облыстық әкімдік арасындағы меморандум себеп болды. МҚҰ жарғылық капиталы 588 миллион теңгеге тең. Олардың 300 миллионы – бұл Ұлттық палатаға Еуразиялық топ бөлген қаражат, ал тағы 288 миллионы облыстық бюджет қаражаты.

Палата сарапшылары хабарлағандай, қарыз алушылар 15 млн теңгеге дейінгі сомада, пайызсыз, берілетін соманың 4%-на тең комиссиясы бар несиеге иек арта алады.

ҰКП жүргізген талдауға сәйкес, Қазақстанда қазіргі таңда әрекет ететін микронесиелік ұйымдар қаржы ресурстарын 56%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен ұсынады, ал бұл соманы көп жағдайда бастаушы кәсіпкерлердің қалтасы көтере бермейді. Ұлттық палата ұсынысы бойынша және ірі бизнестің қызығушылық танытуының арқасында МҚҰ пайда болуы жаңа бизнес-бастамаларға қосымша ынта береді.

хат жіберу