Блог статистикасы
195
Жазбалар
5023
Өтініштер
203125
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қостанай облысының кәсіпкерлері қатты тұрмыс қалдықтарын қабылдау және көму жөніндегі қызметтерге жасалатын төлемдерін үнемдей алады

      Қалалар мен аудандарда қоқыс қалыптасу және жинақталу нормалары дайындалуда.  

Сәл бұрын аталмыш салада құқықтық реттеудің болмауы салдарынан бизнесмендер шарттарда жазылған көтеріңкі көлемде ақы төлеуге мәжбүр болған еді. Коммуналдық кәсіпорындар олардың өз беттерінше бекітті, дегенмен полигондарға құжаттарда көрсетілгеннен әлдеқайда төмен мөлшердегі қоқыс мөлшері әкетілуші еді.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов жыл қорытындысы бойынша жасаған есеп аясында мәлімдегендей, бизнесмендердің шарт талаптарын жеңіп шығуға талпыныстарын бақылау органдары тарапынан айыппұл салынады деп сес көрсеткен коомуналдық қызметтер барынша кес-кестеп отырды. Түйткіл жыл бойы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес аясында көтеріліп келді. Палата мемлекеттік органдармен бірге оны шешу жолдарын іздеді.

«Палата, әкімдік, табиғатты қорғау прокуратурасының әрекеттестігі нәтижесі бойынша облыстық деңгейде сәйкес Есептеу қағидалары бекітілді. Қазір осы негізде облыс қалалары мен аудандары деңгейінде ҚТҚ түзілу нормалары дайындалуда», - деп хабарлады Мұрат Әбенов.

Облыстық Палата жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес 2014 жылғы қаңтар айында түйткілді мәселелерді қарау және шешу жолымен бизнес құқығын жан-жақты қолдау және қорғау мақсатында құрылған. Оның құрамына облыстық мәслихат депутаттары, бизнес, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері кіреді. Кеңесті «Қазақстандық заңгерлер одағы» ӨҚҰ ҚОФ хатшысы Вера Овсянникова басқарады. 

хат жіберу