Блог статистикасы
195
Жазбалар
5023
Өтініштер
203125
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қостанай облысының кәсіпкерлерін қолжетімді шағын кредиттермен қамтамасыз етеді

       2016 жылдың 14 наурызы күні «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Еуразиялық топ (ERG) және Қостанай облыстық әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасады. Құжатқа ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ERG Менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қол қойды.

Әкімдік пен ҰКП өңірде тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету, өндірісті қосымша ынталандыру және нарықты қазақстандық өндірістің тауарларымен, қызметтерімен толтыру мақсатымен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған микроқаржыландыру ұйымдарын (МҚҰ) құру жөнінде келісім жасады. МҚҰ жаңа бастаған кәсіпкерлерге өз бизнесін жүргізуде тәжірибе жинақтауына көмек көрсететін болады.

Осы тұрғыда, Еуразиялық топ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 300 млн. теңге бөледі. ERG ұсынған қаржы Рудный қаласының тұрғындарын микронесиелеуді дамытуға, оның ішінде ССГПО АҚ қызметкерлеріне және олар Қостанай облысында ұйымдастырған кәсіпкелік жобаларға бағытталады.

Меморандумға қол қою кезінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бұл жобаларды қаржыландыруға әкімдік тарапынан тағы 300 млн теңге бөлінетіндігін және микронесиелеу ұйымдарына қолдау көрсетілетіндігін атап өтті.

«Меморандум аясында қабылданған іс-шаралар шағын бизнесті, әсіресе банк секторының назарынан тыс қалып отырған кәсіпкерлерді жеңіл жүйе бойынша несиелеуге мүмкіндік береді», – деді Архимед Мұхамбетов.

«Еуразиялық топ көптеген жылдар бойы біздің кәсіпорындарымыз орналасқан өңірлердің тұрақты дамуына өз үлесін қосып келеді. Біз ҰКП-ның жаңа жобасына қатысқанымызға қуаныштымыз және оны іске асыру рудныйлықтарға және Қостанай облысының тұрғындарына өз ісін ашуға, сонымен бірге осы жерде ШОБ-ты қолдау жөнінде инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді деп сенеміз. Өйткені, бұл жұмыс орындарын құруды және біздің азаматтардың әлеуметтік көңіл күйін жақсартуды білдіреді», – деп атап өтті ERG Менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша, ірі компаниялардың қызығушылық танытуының арқасында аталған жоба бойынша ҰКП портфельінің көлемі, яғни микронесиелеуге жұмсалатын қаржы 5-7 млрд теңгеге ұлғайатын болады. «Біз Мемлекет басшысының ірі бизнес арқылы микробизнеске көмектесу туралы тапсырмасын орындап жатырмыз.Бүгінгі таңда бизнестің барлық деңгейі көтеріп отырған екі мәселе бар. Бұл сұраныстың тарылу мен қаржының қолжетімділігі. Қазіргі кезде барлық тараптың мүддесі бір жерден шықты. «Атамекен» бағдарламаның операторы ретінде оны орындауға уәде береді. Адам несие алу үшін бір айдан артық емес мерзім белгілейміз. Біздің әр аудандағы өкілдіктеріміз, инфрақұрылымдарымыз, қызметкерлеріміз бен мамандарымыз несие беріп қана қоймай, сондай-ақ бизнес-жоспар жасауға көмектеседі, бұрын бұл мәселе бойынша ауылдықтар қиындыққа тап болатын», - деді Басқарма Төрағасы.

ҰКП жүргізген талдау көрсеткендей, қазір Қазақстанда жұмыс істеп жатқан микронесиелеуші ұйымдар қаржы ресурстарын сыйақы мөлшерлемесі бойынша 56%-ға дейін береді, бұл көбінесе жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін ауыр шарт болып табылады.

ҰКП-ның микронесиелеуші ұйымдарында 15 миллион теңгеге дейінгі несиелерді 7% жылдық мөлшерлемемен және 36 айға дейін заңды тұлғалар, шаруа (фермерлік) қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен жеке қосалқы шаруашылығын жүргізетін адамдар қол жеткізе алады.  

ҰКП микронесиелеу жүйесінің міндеттері:

-         банк секторының мүддесінен тыс қалған шағын бизнесті несиелеу

(ауылды жерлердегі жобалар, үй шаруашылықтары);

-         кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында оқыған тыңдаушыларға

берілетін микронесиенің атаулы болуын арттыру;

-         бизнестің тұрақтылығын көтеру мақсатымен КҚО және КҚКО

сервистік қызметтер көрсету жобаларын сүйемелдеу;

-         микроқаржылық қызметтер түрлерін кеңейту, олардың сапасын

көтеру;

-         кәсіпкерлердің өңірлік кеңестеріне ірі бизнес төңірегінде шағын

бизнес құруға, қосымша құн тізбегін немесе кооперацияларды қалыптастыруға мүмкіндік беру;

-         салықтық базаны ұлғайту, жұмыс орындарын құру, халықты

жұмыспен қамтамасыз ету.

Микронесиелендіру қолда бар ресурстарды оңтайлы пайдалану үшін өңірлерді мамандандыру сызбасын ескере отырып жасалған Кәсіпкерлікті дамыту картасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Рудныйдың қала құраушы кәсіпорындарының қызметіне тәуелділігін төмендетуге бағытталған жобаларға артықшылық берілетін болады.

Қостанай облысында құрылатын МҚҰ-ның несиелеу шарттары бойынша, кепілзат ретінде жылжитын және жылжымайтын мүлік, жер телімдері, автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасы, үй малы, сондай-ақ, үшінші тұлғалардың кепілдіктері мен кепілгерлігі қабылданады. Қарызды өтеудің икемді жүйесі де қарастырылған: несиенің сомасына және мақсатына қарай ай сайын, тоқсан сайын, алты айда бір рет, не болмаса жылына бір рет.

Тұтынушылық мақсаттар, алдыңғы несиелерді өтеу, тұрғын үй жылжымайтын мүлігін және жер телімдерін сатып алу, сауда қызметі несиелендіруге жатпайды.       

Қосымша ақпарат үшін:

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы

Дмитрий Мачель

+7 (7142) 39 42 08 (ішкі 166)

+7 707 671 14 70

e-mail: d.machel@palata.kz

Евразиялық топ, Астана қ.

Корпоративтік коммуникациялар департаменті

т/ф.+7 (7172) 59 21 52, 59 20 09

press@erg.kz

www.erg.kz

Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әсия Аймағамбетова: т/ф 8-714-2-575-076, asia_07@mail.ru

EURASIAN RESOURCES GROUP ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

Eurasian Resources Group (ERG) табиғи ресурстарды өңдеу және байыту саласындағы әлемдегі жетекші және барынша әртараптандырылған компания болып табылады, ол толығымен интеграцияланған тау-кен өңдеу, қайта өңдеу, энергетикалық, транспорттық және маркетингтік операцияларға ие. Топ төрт құрылықтағы 14 елде бизнесті дамыту жобаларымен және кәсіпорындарымен танымал және осы саладағы ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады. 2014 жылы Eurasian Resources Grouр өзінің 20 жылдығын атап өтті. Басқарушы компанияның бас кеңсесі Люксембург қаласында орналасқан.

Қазіргі уақытта ERG хром құрамды феррохром өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы және темір рудасының аса ірі жеткізушісі болып табылады. Топ сондай-ақ, әлемдегі алюминий шикізатының жетекші өндірушілерінің ондығына және мыс пен кобальттің негізгі жеткізушілерінің қатарына кіреді.

            ERG – бұл Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия кешенінің үштен бір бөлігі. ERG, сондай-ақ, Орталық Азиядағы электр энергиясын басты жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Топтың және еліміздің маңызды кәсіпорындары орналасқан - «Қазхром» ТҰК, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі», «Қазақстан алюминийі», «Қазақстан электролиз зауыты», «Еуроазиялық энергетикалық корпорация», «Шұбаркөл көмір» және «ТрансКом» транспорттық тобы. Қазақстанда ERG кәсіпорындарында 61 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

            Конго Демократиялық Республикасында ERG Boss Mining, Frontier және Comide кәсіпорындарында мыс және кобальт рудасын өндіреді. Сондай-ақ, осы елде аяқталуға жақын бірқатар даму жобалары орналасқан, оның ішінде Metalkol Roan Tailings Reclamation (RTR) жобасы бар.

            ERG-ның мыс қорыту зауыты, Chambishi Metals PLC, Замбиядағы жетекші кәсіпорындардың бірі саналады және әлемдегі ірі мыс өндіруші. Сонымен бірге компанияның Африка құрлығының түрлі елдерінде, оның ішінде Оңтүстік Африка Республикасында, Зимбабведе, Мали мен Мозамбикте көмір, марганец, платина, бокситтер мен флюориттер жөніндегі жобалары бар.

            Бразилияда ERG Pedra de Ferro жобасы, жылына 20 млн тонналық қуаты бар темір рудасы өндірісі жөніндегі кешені бар.

«Атамекен» ҚР ҰКП Жұртшылықпен байланыс Департаменті: +7 (7172) 91 93 67, pr@palata.kz

хат жіберу