Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198597
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Общая информация

«Сарыкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

1. Пошталық мекен-жайы: 111600, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, ул.Тәуелсіздік, 72, телефоны - 8(714-51)22-6-22, 49-0-65, факс - 8(714-51)22-6-22.

2. Басшының аты-жөні: Есенгельдинов Серикбай Еркесарұлы.

3. Электронды поштаның мекен-жайы: politika_sarukol@mail.ru

4. Сенім телефоны: 22 – 6 -22.

5. Өкіліктік:

«Сарыкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауданның ішкі саясат саласындағы басшылығын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

«Сарыкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары:

-         ауданда ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

-         Қазақстан Республикасының Заңдарына, Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен тапсырмаларына сәйкес мемлекеттік ішкі саясатты ауданның жергілікті мемлекеттік органдарымен іске асыруын қамтамасыз ету;

-         қоғамдарының демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, 2030 жылғы дейінгі Қазақстанның негізгі басымда Стратегиялық дамуын, Қазақстан халқына мемлекеттік басшысының жыл сайын Жолдауын насихаттау және түсіндіру;

-         Қазақстан Республикасының заңдарының ішкі саясатын насихаттау және түсіндіру бойынша бағдарламаны дайындау және жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіру;

-         Қазақстанның дамуы, азаматтық теңдігін қалыптастыру ұзақ мерзімді басымдықтары негізінде практикалық ұсынысын және тұжырымдамалық негізін әзірлеу;

-         Аймақта болып жатқан қоғамдық – саяси процестерді және тенденцияларды қорыту және қорытындылау, жан–жақты және объективті зерделеу;

-         мемлекеттік тапсырманы орындау бойынша, бұрақалық ақпарат құралдары қызметін үйлестіру, аудандық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын іске асыру;

-         Сарыкөл ауданы аумағында ауданның діни, жастар, үкіметтік емес ұйымдарында мемлекеттік саясатты жүйелі жүзеге асыру, саяси партиялармен байланысты жүзеге асыру;

-         дінге қатысты Сарыкөл ауданы аумағында мемлекеттік саясатты жүйелі жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қатынасын реттеу саласында заңдылығын қамтамасыз ету;

-         қазақстан Республикасындағы адам құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету, этносаралық қатынастар саласында, мемлекеттік саясатты айқындайтын бағдарламалар, тұжырымдамалар жасау мен іске асыруға қатысу;

-         саяси партиялармен, ұлттық–мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асырады;

-         Қазақстан Республикасының заңдылығымен белгіленген басқа да мақсаттар

«Сарыкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

-         Қазақстан Республикасының аймақтық тұтастығы, азаматтар бостандығы мен құқығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендігін бекіту мен сақтау бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге өткізу;

-         Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент және Үкімет, облыс және аудан әкімдерінің ішкі саясат, мәселелері бойынша актілерін, айқындалған бұзушылық, себептері және олардың орындалмау жағдайларын жою бойынша шаралар қолдану, олардың арасында құқықтық саясатты жоғарылату;

-         аудан дамуының жоспары мен бағдарламаларының ішкі саясат мәселелері бойынша аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін, оның орынбасарларының өкімдері, қорытындылары, ұсыныс пен шарттарын жасайды;

-         ақпараттық – насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;

-         діни ұйымдарымен байланыс бойынша кеңес жұмыстарын ұйымдастыру;

-         ұйым жұмыстарын, оларды іске асыру, мәдени мұраны сақтау және қолдану, мәдениет пен өнер бағдарламасы бойынша мәдениет қызметкерлері, жергілікті орындаушы органдары, шығармашылық одақтары және басқа қоғамдық ұйымдармен бірлесіп өндеу;

-         өздерінің ұлттық–мемлекеттік құрылымдардан тыс тұрып жатқан аудан аумағындағы азаматтық ұлттық мәдениеттің қоғамдық орталықтары мен ұйымдарының қызметіне көмек көрсету және қолдау;

-         кадрларды дайындау, қайта дайындау және кәсіптік деңгейін көтеру;

-         ауданның ауылдық округтары және кент әкімдеріне, кәсіпорындар мен ұйымдарға, өзге де қоғамдық ұйымдарға Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсету;

-         Қазақстан Республикасының заңдылығымен қарастырылған басқа қызметтерді жүзеге асыру.

хат жіберу