Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198488
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімін сайлауды 2019 жылдың 14 мамырына тағайындау туралы

Сарыкөл аудандық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

Сарыкөл к.                                       2019 жылғы 2 ақпаң №4

Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімін сайлауды 2019 жылдың 14 мамырына тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңының 36-1-бабының 10-тармағына, 2- тармағына (1) тармақшасы) сәйкес, Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Сарыкөл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімін сайлау 2019 жылдың 14 мамырына тағайындалсын.

2.     Мерзімдер белгіленсін:

2.1. Әкімдерді кандидаттыққа ұсыну 2019 жылғы 14 ақпанынан          18 ақпанға дейін.

2.2. Әкімдерді кандидаттыққа тіркеу 2019 жылдың 14 ақпанынан          28 ақпанға дейін.

3.     Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімін сайлауға дайындау және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

4.     Сайлау іс-шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңына сәйкес өткізілсін.

5.     Осы қаулы Сарыкөл ауданының әкіміне, Сарыкөл аудандық мәслихатының хатшысына жолдансын.

6.     Осы қаулы «Сарыкөл» аудандық газетінде жариялансын.

Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы                 Г. Жұбанова
хат жіберу