Блог статистикасы
195
Жазбалар
4922
Өтініштер
194124
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

       Сіздерді Еліміз үшін маңызды мереке – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республикалық референдумда қабылданған, Қазақстанда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекіткен Ата Заңымыз - Конституцияның енгеніне 24 жыл толып отыр.

Осындай аз уақыт ішінде Қазақстанның Ата заңы өзінің заман талабына лайықты екенін дәлелдеді.

Елбасы Н.Назарбаев: «Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекет пен жалпы қоғамда мызғымас тұрақтылықты қалыптастырды» - деп атап өткен болатын.

Ата Заңға енгізілген өзгерістер нәтижесінде елімізде демократияның өрісі кеңейіп, президенттік- парламенттік басқару жүйесі өмірге келді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары – мәслихаттың рөлі артты. Алғаш рет кент, ауылдық округ әкімдері, жергілікті мәслихат депутаттары арқылы сайланып, халықтың жергілікті жерлердегі маңызды мәселелерді дербес шешуін қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.

Бүгінгі таңда жаңартылған Конституция негізінде елімізде жаңа құқықтық жүйе қалыптасуда. Қабылданған заңдар қоғамдық қатынастардың негізгі жақтарын реттеп, еліміздің әлемдік деңгейдегі орнын жоғарылатуда. Мұның бәрі Конституцияда бекітілген, қызметтің түбегейлі принциптерін қоғамдық және саяси өмірде нық ұстанудың нәтижесі.

Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияның қалыптасу тарихын жақсы білуі керек. Конституцияны құрметтеу және сақтау, оның тарихы мен маңыздылығын білу арқылы ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және ел дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Сондықтан, Конституцияны ардақтау әрбір азаматтың міндеті мен асыл парызы.

хат жіберу