Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198597
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Бекмагамбетов Орал Айтбаевич
Руководитель Департамента

Байланыс ақпараты

110000, г.Костанай, пр. Аль-Фараби, 113 тел.: 8 (714 2) 56-83-90, факс: 8 (714 2) 56-83-90, e-mail: d.kantselyariya@mz.gov.kz

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Бекмагамбетов Орал Айтбаевич
Руководитель Департамента

Байланыс ақпараты

110000, г.Костанай, пр. Аль-Фараби, 113 тел.: 8 (714 2) 56-83-90, факс: 8 (714 2) 56-83-90, e-mail: d.kantselyariya@mz.gov.kz

Новости региона

Қазақстан Республикасының Президенті 2019 жылғы 26 маусымда «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» 2019 жылғы 26 маусымдағы № 24 Жарлыққа (бұдан әрі – Жарлық) қол қойды, онда үш негізгі бағыт қамтылған.
Осы Жарлықты іске асырудың бірінші бағыты екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржылық ұйымдарда азаматтардың жекелеген санаттары үшін кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті 300 мың теңгеге дейінгі мөлшерде өтеуді көздейді. Берешек сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 млн теңгеден аспауға тиіс.
Ұлттық Банк Үкіметпен және нарыққа қатысушылармен бірлесіп белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін адамдар тізбесін қалыптастыру және олардың берешегінің жалпы мөлшерін анықтау бойынша жұмысты бастап кетті.
Үкімет «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-қа (Оператор) республикалық бюджеттен нысаналы қаржыландыру бөлетін болады.
Бұдан әрі, Оператор азаматтардың жекелеген санаттарының кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша 300 мың теңгеге дейінгі берешегін өтеу үшін екінші деңгейдегі банктермен және микроқаржылық ұйымдармен шарттар жасасады.
Өз тарапынан, Ұлттық Банк берешекті өтеу бойынша мәліметтердің қарыз алушылардың кредиттік тарихының дерекқорында көрсетілуіне бақылауды қамтамасыз етеді.
Екінші бағыт Қазақстанның бүкіл азаматтарына кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұл сомаларын есептен шығаруды көздейді.
Ағымдағы ай аяқталған соң Ұлттық Банк банктермен және микроқаржылық ұйымдармен бірлесіп кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұлға 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салыстырып тексеру мен тіркеуді жүзеге асырады.
Есептелген айыппұлдар мен өсімпұлды есептен шығару бірінші кезекте, банктердің және микроқаржылық ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдардың жалпы көлемінен 30%-дан аспайтын сома Ұлттық Банк айқындаған Оператордың қаражаты есебінен өтеледі. Бұл мақсаттар үшін Ұлттық Банк Операторға қажетті қаржыландыру көлемін бөледі.
Банктердің және микроқаржылық ұйымдардың айыппұлдар мен өсімпұлдың айтарлықтай бөлігін шығыстар ретінде танып, оларды жүйеден тыс есепке есептен шығарғанын ескере отырып, қаржыландырудың түпкілікті сомасы танылған шығыстардың сомасына азайтылатын болады.
Екі жағдайда да қарыз алушыға банкке, МҚҰ-ға немесе басқа ұйымдарға өтініш беру талап етілмейді. Банктер және микроқаржылық ұйымдар берешекті өтеу және
есептелген айыппұлдар мен өсімпұлды есептен шығару бойынша бүкіл жұмысты дербес жасайды. Әрбір қарыз алушыны банк/микроқаржылық ұйым жұмыс нәтижелері туралы хабардар етеді.
Үшінші бағытта қарыз алушыларды қосымша қорғау бойынша реттеушілік сипаттағы шаралар кешені көзделеді.
Тұтынушылық кредиттеудің барынша белсенді өсуінің реттелмейтін секторда (онлайн кредиторлар, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар) байқалатынын ескере отырып, Сенат ағымдағы жылғы 24 маусымда барлық кредиттеу субъектілерін реттеу мен қадағалауды енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қабылдап, Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға енгізді.
Заңға таяу уақытта қол қойылатын болады.
Қаржылық ұйымдарға қатысты қосымша реттеушілік шаралар қабылданады.
Біріншіден, мерзімі өткен берешегі 90 күннен асып кеткен жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредитті берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салу. Бұл азаматтарды берешек сомасының тұрақты өсуінен қорғауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыздар беруге тыйым салу енгізіледі.
Үшіншіден, барынша сақ тұтынушылық кредиттеу үшін қарыз алушының борыштық жүктемесін есептеуге арналған тәсілдерді жетілдіру сияқты қосалқы шаралар, банктердің меншікті капиталына қойылатын қосымша талаптар көзделеді.
Осылайша, қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға нақты көмек көрсетіледі, олардың отбасыларының әл-ауқаты жақсартылады, шамадан тыс кредиттелудің болашақ тәуекелдері шектеледі және халықты жауапты кредиттеу үшін жағдайлар жасалады.




хат жіберу