Блог статистикасы
195
Жазбалар
5023
Өтініштер
203035
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

      Тәуелсіз мемлекетіміз жастардың рухани, мәдени білім алып, кәсіби толыққанды дамуы үшін барлық жағдайларды жасап отыр. Бүгінгі күні Елбасы Жолдауында айтылған жастар қамқорлығына қатысты көптеген іргелі жобалар жүзеге асырылуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Бес әлеуметтік бастама» соның айғағы бола алады. Осы орайда, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, жас ұрпақты ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде тілдік қолдау мен достыққа тәрбиелеу мақсатында, сондай-ақ Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылдың 28 қарашасында «Сарыкөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ «Мәңгілік елдің жастары - Рухани жаңғыру жолында» атты аудандық жастар арасындағы байқауын өткізді.

Байқауға аудан көлемінде мемлекеттік қызметте және білім беру саласында қызмет етіп жүрген жас мамандар қатысты. Байқауды өткізудегі мақсаты – ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттыру. Байқау қорытындысы бойынша «Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі Урицкий мектеп-лицейі» КММ мұғалімі Калиева Гүлдерай Серікқызы бірінші орынды иеленді.


хат жіберу