Блог статистикасы
195
Жазбалар
4937
Өтініштер
196949
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

       Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі республикалық науқан аясында іс-шара ұйымдастырды

Басты мақсат – ҚР Қорғаныс министрінің тапсырмасын орындау, сонымен бірге армияның беделін көтеру, мерзімді әскери қызметті өтеудің оң келбетін құру және 2019 жылғы күзгі шақыру шеңберінде «Ел тірегі – 2019» республикалық науқанын өткізу болды.

Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде өткен «Әскерге шақырушылар күні» деп аталған дәстүрлі шара барысында аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, майор Қайыржан Атаев құттықтау сөз сөйлеп, мерзімді әскери қызмет, Отан алдындағы әсери борышын өтеп жүрген сарыкөлдіктер туралы айтты. Жалпы, әскерге барушылар мен шараға қатысушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа шақырды.

Сондай-ақ, әскерге шақырушыларды колледждің бастапқы әскери даярлық пәнінің тәлімгері Виктор Усенко құттықтап, оларға мандат табыс етті.

Одан әрімен Отан алдындағы борыштарын өтеп келген Алишер Шуканов пен Юра Дьяченко ортаға шығып, әскерде бәрі жақсы екендігін мақтаныш сезімімен жеткізіп, өздерінің абыроймен оралғандарын айтты.

Ал, «Мақтанышпен қызмет ет, сарбаз!» атты колледж ұжымы ұйымдастырған шара барысында колледж студенттері ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.

Жалпы, әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті. Өйткені, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Сондықтан, әрбір ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдағы тұрғанын естен шығармауы тиіс.




хат жіберу