Блог статистикасы
195
Жазбалар
4906
Өтініштер
190945
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Аудан әкімі Амантай Балғарин аудан дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттап, жергілікті тұрғынды жүрекжарды мерекелік лебізін жеткізді.

-Ел Тәуелсіздігінің арайлы ақ таңы атқанына жиырма жеті жыл

толады. Бұл мерекенің еліміздің тарихында, халқымыздың

тағдырында алатын орны ерекше. Себебі, кез келген ұлт үшін

Тәуелсіздік пен Теңдік, Азаттық пен Елдік, Береке мен Бірлік – ең

қымбат, ең асыл ұғымдар, - деді Амантай Кәкімбекұлы.

Айта кеткен жөн, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы Қайыржан Атаев ҚР Қорғаныс істері министінің грамотасымен марапатталса, ал, қалғандары белгілі бір салада жетістіктерге жеткені үшін аудан басшысынан құрмет мадақтамасын алды. Олардың қатарында – Надежда Шевцова, Нұрмұхамед Серікбаев, Ирина Науменко, Руслан Әлкеев, Людмила Быкова, Виталий Нестеров, Ардақ Тлеукин, Александр Дегтярев, Аягөз Жиентаева, Николай Скичко, Сәния Ыбраева, Анатолий Ковалевич, Роза Мәзенова, Екатерина Дробышева, Баймұрат Дошанов, Мәулет Құлыбеков, Александр Саенко, Снежана Турсунова және Алексей Пристав болды.

Жалпы, аудандық мәдениет үйінің күшімен дайындалған концерттік бағдарлама «Туған даланың әуені», «Астана – Тәуелсіздік жемісі», «Спорттағы жетістіктеріміз», «Сарыкөлдің жастары» және «Достық» атты бөлімдерден тұрды. Әсем әндер әуелеп, бишілер мың бұрала би биледі. Жырдан шашу шашылып, жергілікті өнерпаздар мереке көрігін қыздыра түсті.


хат жіберу