Блог статистикасы
195
Жазбалар
4938
Өтініштер
196962
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Жылдың ең маңызды спорт додасын ең үздік спортшылар – Екатерина Лагода мен Ривхат Жумабаев ашты.

Айтулы күннің құрметіне аудан әкімнің орынбасары Марат Шымырбеков құттықтау сөз сөйледі.

-Дені сау ұрпақ тәрбиелеу жолындағы мемлекетік саясаттың басты ұстанымы – халықты бұқарлық спорт түрлеріне тарту. Баршаңыздың аудандық спартакиаданың ашылу сәтімен құттықтап, сәттілік пен жеңіс тілеймін! – деді ол.

Сондай-ақ, Марат Лесбекұлы өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ауданның спорттық өміріне белсенді араласып жүрген Урицк мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сергей Долгих пен Тимирязев ауылдық округі орта мектебінің қосымша білім беру педагогы Арман Шаймерденовты аудан әкімінің грамотасымен марапаттады.

Мықтылар анықталған шараға – Маяк, Барвин, Комсомол, Лесной, Тимирязев, Веселоподол, Краснодон, Севастополь, Краснознамен, Сорочин,  Чехов және Сарыкөл ауылының командасы қатысты. Әр спортшы намысқа тырысып, жарыстың көркін қыздырды. 

Жалпы, спартакиада бағдарламасы бойынша қатысушылар спорттың – футбол, волейбол, баскетбол, қазақ күресі, гір көтеру, қол күрес, шахмат, тенис, жеңіл атлетика және  арқан тарту сияқты түрінен бәсеке түсті. 

Жалпыкомандалық есеп бойынша, бірінші орынды Сарыкөл құрамасы бағындырса, екінші орынды барвиндіктер еншілеп, ал, тимирязевтіктер үштіктен көрінді.   

Эльмира БАЙҒОЖА



хат жіберу