Блог статистикасы
195
Жазбалар
4922
Өтініштер
194130
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

27-шілде еліміздің барлық өңірінде өткен республикалық акцияға сарыкөлдіктер де өз үлесін қосты.

Акцияға қатысушылардың ішінде қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар, еріктілер туған өлкені тазалау жұмыстарына белсене кірісті. Өңір бойынша тарихи және демалыс орындарына тазалау жұмыстары жүргізіліп, сол жерлерден барлығы 15 тоннаға жуық күл-қоқыс жиналып, сыртқа шығарылды.

Жалпы, «Бірге - Таза Қазақстан!" экологиялық акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығына бірауыздан атсалысу, сол арқылы жас жеткіншектерге үлгі көрсету болып табылады.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында эко-челлендж қозғалысын толық қолдайтынын жазған болатын.

-Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан эко-челлендж қозғалысын толық қолдаймын. Елді тазалық аймағына айналдырайық. Бірге - Таза Қазақстан! Жарайсыңдар, волонтерлар! - деп жазды Қ.Кемелұлы.

Эльмира БАЙҒОЖА






хат жіберу