Блог статистикасы
195
Жазбалар
4937
Өтініштер
196956
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін латын әліпбиіне біртіндеп көшіру жобасы аясында «Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қолдауымен және «Дис волентерлық орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сарыкөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ ғимаратында «Тіл мектебі латын қарпіндегі қазақ тілін оқыту» атты семинар-тренингі болып өтті. Аталмыш семинар-тренингке аудан бойынша мекемелер қызметкерлері, мұғалімдер, хатшылар және т.б қатысты. Семинар-тренингті тілдер орталығының басшысы, филология ғылымдарының магистранты Нұрмұхамед Әмзеұлы және тілдер орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы Болат Ғаниұлы жүргізді.

Семинардың кіріспе бөлімінде Нұрмұхамед Әмзеұлы өз баяндамасын оқып, латын қарпіне көшу жобасына жалпылама шолу жасап өтті. Негізгі бөлімде нақты емле бойынша қатысушыларға түсіндірме жұмыстары жасалды. Латын қарпіне көшудің артықшылықтары айтылды. Төл дыбыстарымыздың таңбалануы жайында ақпараттар берілді. Семинар әрі қарай практикалық бөлімге жалғасты. Қатысушылар жинаған білімдерін ортаға салып, тапсырма орындау барысында қолданды. Түрлі жаттығулар орындап, латын қарпінде жазуға, оны тез оқуға дағдыланды. Қатысушылар семинар-тренинг соңында шараның қажеттілігін айтып, алғыстарын білдірді


хат жіберу