Блог статистикасы
195
Жазбалар
4937
Өтініштер
196949
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

«Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» 98 қадам іске асыру Жергілікті өзін-өзі басқаруға 4 дербес бюджетін енгізу 2 кезеңде жүзеге асырылады:

Қазынашылық комитетінеде бірінші кезеңде қазынашылық ақпараттық жүйесін бірітіру жүзеге асқан, сонымен қатар «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінде барлық бизнес-процесстары жүзеге асырылған, және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖӨБ органдарының қаржылық құжаттарын өңдеу және қабылдау үшін дайын.  

Ауыл, ауыл округтік бюджетінің орындалу тәртібі жалпы бекітілген бюджеттің орындалу тәртібіне ұқсас, бюджетке қызмет көрсету ақпараттық қазынашылық жүйесінде жүзеге асырылады.

Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың ауылдық округтің әкімдері жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамада көзделген түсімдерден алынатын қаражатты пайдалану үшін жыл сайын аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттайтын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын жасайды.

Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың ауылдық округтің әкімі жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттаған ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын тиісті ауылдың, кенттің, аудандық маңызы бар қаланың әкімі бекітеді және жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісіледі.

Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің ауылдың, ауылдық округтің әкімі жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттаған ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарының қолданысы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.

Қаржы жылының ішінде аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жергілікті өзін-өзі басқару Функцияларын іске асыруға бағыттаған ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарында көзделген сомалардан артық түскен кірістер аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттаған ақша түсімдері мен шығыстарының жоспары ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін нақтыланған жағдайда ағымдағы қаржы жылында жұмсалуы мүмкін.

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген түсімдерден алынатын ақша есебінен төлемдер төлеуге арналған шот негізінде жүзеге асырылады және жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі бойынша аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің ведомстволық бағыныстан мемлекеттік мекемелер үшін жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алуға құқығы бар.

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген түсімдер қаражатының жергілікті өзін-өзі басқару шотында есепті қаржы жылының соңына қарай пайдаланылмай қалған қалдықтары түсімдер мен шығыстар жоспарын нақтылау арқылы ағымдағы жылдың шығыстарын қаржыландыруға бағытталуы мүмкін.

Ағымдағы жылдың кезіндегі қажеттілігі бойынша жоспардың түсуін нақтылау және ақша түсімдер шығыстарын жүргізеді.

Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аумақтарында бюджеттің қалыптасуына байланысты жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген түсімдер қаражатының жергілікті өзін-өзі басқару шотында есепті қаржы жылының соңына қарай пайдаланылмай қалған қалдықтары аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округке сәйкес бюджетке түсімдер қабылданады.

Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жергілікті өзін-өзі басқару Функцияларын іске асыруға бағыттаған ақша түсімдері мен шығыстарының тәртібі бюджетті атқару бойынша орталық жергіліті орындау органымен анықталады.

Бюджеттің шығысы ҚР Бюджет Кодексінің 56-1 тармағында қарастырылған 19 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы бойынша процесстері жергіліктегі бар бюджетке ұқсас.

ЖӨБ бюджеті еліміздің бюджет жүйесінің бөлінбейтін бөлігі және толық болып саналады.

К2 АЖ қолданатындарға ыңғайлық үшін қазынашылық комитетінің «Пайдалы ақпарат» сайтында келесі бөлімдер мен қызметтер орналастырылған:

-          Пайдаланушы нұсқаулығы.

-          Бейне сабақтары.

-          Сұрақтар мен жауаптар.

-          Жиі қоятын сұрақтар.

-          Жаңа бастаған бұхалтерлер үшін.

-          Терминдер.

-          Әдістемелік ұсыныстар.

-          Жинам ұсыныстары.

 

 

«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің

Қазынашылық Комитеті Қостанай облысы бойынша

қазынашылық Департаментінің

Сарыкөл аудандық қазынашылық басқармасы»

РММ басшысы Т.У.Есентемиров

хат жіберу