Блог статистикасы
195
Жазбалар
4937
Өтініштер
196951
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

История района

Аудан тарихы



Қостанай облысының Сарыкөл ауданы (бұрынғы Урицкий, бұрынғы Всесвятский) 1919 жылы Ақмола облысының Петропавловский уезiнiң аумағында құрылды. 1923 жылы Урицкий болып аталды және осылай 1928 жылдың 17 қаңтарына дейiн аталды, содан соң Ақмола облысының құрамына кiрдi. 1936 жылдың шiлдесiнде Қостанай облысының құрамына қайта енгiзiлдi.

Всесвятский болысы Қостанай облысы Сарыкөл ауданының аумағында орын алған. Учаскенiң аумағы - орман алаңымен қамтылған. Тек оның батыс бөлiгi Обаған көлi бойы ормансыз, көпшiлiк жырасаймен бөлiнген. Қайың орманымен көбiрек қамтылған, оның құрылыс үшiн пайдасы аз. Бар көлдер терең емес, суы ащы, жазғы уақытта тартылып қалады. Олардың iшiнде ең iрiсi - Сарыкөл көлi. Тұщы грунтталған су тереңiрек орналасқан және iздеп табу өте қиын.

Климаты континенттi. Жазда жиi алқаб шөптерiн күйдiруге дейiн баратын ыстық желдер соғады, ал қыста жер бетiндегi қарларды ұшыратындай қатты аяздар мен борандар болады.

1898 жылы Всесвятскийге бiрiншi қоныс аударушылар - 93 отбасы Петропавл уезiнен келдi. Бiрiншi келген шаруалардың көпшiлiгi Черниговтықтар және Полтавашылар болды. Оларға осы өлкенiң қаттылығы үнамады, 70 отбасы қайта елдерiне оралды, ал қалған 23 отбасы тұруғе бел буды.

1899 жыл Всесвятский ауылының ресми құрылған жылы болып саналады. Петропавл уезiнен 40 Полтава және 71 Чернигов отбасылар келедi.

Болыс орталығы "Сарыкөл" тұщы су көлiне жақын ораналасқан (суы - шайға). 1905 жылдың аяғында Всесвятский ауылында 250 отбасы болды (1902 адам).

Ауданның тұрғындары 1917 жылғы революция оқиғаларының, азамат соғысының, совет үкiметiн орнатуға қатысушылар және куәгерлер. 1923 жылы 29 наурызында Всесвятский болысы Урицкийге қайта аталды.

1923-1933 жылдары аштық пен құрғақшылық үлкен аумақтар мен оларда тұратын халықты қамтыды. Осы жағдай Урицкий ауданын да соғып өттi. Аукдан ол кезде Қостанай уезiнiң аудандарының бiрi ретiнде Ақтөбе облысының құрамында Обаған және аудан орталығы Урицкий болып аталды.

Осындай жағдайларда ең басты мiндеттердiң бiрi коллективтендiрудi аяқтау болатын. Сол кездегi деректер бойынша шаруа қожалықтарының 85,1 % коллективтендiрiлдi. Колхоздармен қатар совхоздар да дамытылды.

30 жылдың екiншi жартысы бiздiң елiмiздiң "халық жауымен" күресiнiң, қуғын-сүргiн, зорлық, озбырлық және тың ауыр жылдары ретiнде елiмiздiң тарихына кiрдi. Осындай естен кетпес ауыр кездер Урицкий ауданында жанап өттi. "Халық жауы" болғандардың көпшiлiгi одан әрi ақталып шықты.

Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерi соғысқа үш мыңнан артық адам жөнелтiлдi, олардың 1400 қайта оралмады. Өздерiнiң жас өмiрiн бiздерге бостандық және тәуелсiздiк әкелу үшiн құрбан еттi. Соғыста көрсеткен әскери ерлiктерi үшiн көп жерлестерiмiз үкiмет наградаларымен марапатталды. Совет Одағының Батыры атағына ие болды: Максим Ильич Собко, Сергей Георгиевич Амеличкин, екi рет - Леонид Игнатьевич Беда.

1941 жылы ауданға 1800 немiстер-қоныс аударушылар келдi, олар ауданның тұрғылықты халқымен бiрiгiп ауылшаруашылық алқаптарында жұмыс iстедi. Бiздiң аудан соғыстан әлдеқайда ораналасса да соғыспен жан-жақты байланыста болды. Бiздiң жерлестерiмiз ерен еңбектерi үшiн "Знак Почета" және Еңбек Қызыл Туы ордендерiмен марапатталған.

1945 жыл көп жерлестерге жақсы өмiр сүруге үмiт артты. Бiрақ ауыл шаруашылық жағдай өте нашар болатын. 280 гектар ауыл шаруашылық жерлердiң 38-39 мың гектары нақты түрде өңделдi. Трактор және басқа да ауыл шаруашылық техникалары жетiспедi.1950 жылы колхоздар экономика жағынан бiраз аяққа тұрды және бiрнеше әлеуметтiк мәселелердi шешуге кiрiстi..

1954 жылы тың және тыңайған жерлердi игеру басталды. Жаңа совхоздарды ұйымдастыруда республикалар мен елiмiздiң қалаларынан келгендер көп еңбек еттi. 1954 жылдың аяғында 200 мың гектардан артық тыңайған жерлер жыртылды. 1956 жылы ауданның егiстiк алқабы 364 725 гектарды құрды, оның iшiнде астықпен 345 949 гектар қамтылды. Тың және тыңайған жерлердi игеру жылдар Урицкий ауданы үшiн әлеуметтiк-экономикалыққайта құру жылдары болды.

1957 жылы ауданда құрғақшылық болды. Өнiмдiлiк гектарына барлығы 1,6 центнер ғана болды. Сонымен қатар колхоздарды жою процесi басталды.

Аудан үшiн ең қолайлы жыл 1964 жыл болды. Урицкий ауданы үкiметке астық тапсыруды қамтамасыз еттi, мемлекеттiк жоспарды 106,9 пайызға орындады. Аудан Қазақстан КП ОК және Қаз СРО Министрлiгi кеңесiнiң естелiк туымен аталып өттi және республиканың Алтын Құрмет Кiтабына енгiзiлдi.

Тың және тыңайған жерлердi игеруде көпшiлiгi үкiмет наградаларымен марапатталды. Жоғары награда Социалистiк Еңбек Ерiне ие болды: Николай Васильевич Гноевой, Николай Николаевич Желязко, Иван Стефанович Свистула, Николай Федорович Петрушин, Дмитрий Людвигович Пицина, Газиз Нуртасович Сексенов, Григорий Артемович Кравченко, Владимир Зигмунтович Данилецкий, Михаил Васильевич Сергиенко.

Бiздiң ауданның халқы үшiн 1991 жылдан 1996 жылға дейiнгi уақыт күрделi жылдар болды. Кәсiпорындарды жабу, жұмыссыздық, зейнеткерлердiң зейнетақысы бойынша мемлекеттiң қарыздары, отын және энергия көздерiнен халықтық пункттердi сөндiру, бiлiм объектiлерiн оңтайландыру.

1997 жылы Урицкий ауданы Сарыкөл ауданына қайта аталды.

Мерейтой даталар және /, егiн өнiмдiлiгi және құрғақшылық, жетiстiктер мен қиыншылықтар жылдардың бiр-бiрiмен ауысуымен елеңсiз өттi. Әр жылдың өзiнiң ерекшiлiктерi болды. Бұл жерде бiз ауданды құруда және қайта қалпына келтiруде еңбектерiмен көзге түскен азаматтарды ұмытпауымыз керек.

"Сарыкөл ауданының құрметтi азаматы" атағына аудан компартиясының бiрiншi хатшысы - Дмитрий Яковлевич Брусник, Қостанай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiнiң бастығы - Ольга Андреевна Киколенко, "Ақгейiк" ЖШС директоры - Амангельды Рахымбайұлы Жалғасов, аудандық бiлiм бөлiмiнiң инспекторы - Сейiт Тәжiтайұлы Тәжiтаев, Урицкий ауылдық Кеңесiнiң төрағасы - Николай Михайлович Мельников, ауыл шаруашылық басқармасының бастығы - Николай Николаевич Тарнапольский құрметпен ие болды.

"Сарыкөл кентiнiң құрметтi азаматы" атағына ие болды: Ұлы Отан соғысына қатысушы - Николай Спиридонович Сопин, ОАА бас дәрiгерi - Маргарита Васильевна Петрова,"Надежда" ЖШС директоры - Мария Серафимовна Базарнова, шаруа қожалығының басшысы - Қайырбай Қоңқайұлы Мақатов.

1997 жылы Республика Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев елiмiздiң халқына тарихи Жолдауын - 2030 жылға дейiнгi Қазақстанның даму Стратегиясын жолдады.

хат жіберу