Блог статистикасы
195
Жазбалар
5023
Өтініштер
203275
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Хабарландыру

13.01.2020

2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 50 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы интернет-порталында 2020 жылғы 13 қаңтарда жарияланды https://legalacts.egov.kz.

8.10.2019

«Сарыкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы №165 «Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешім жобасының баспасөз парақшасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 08 қазанда жарияланды https://legalacts.egov.kz


23.09.2019

Аудандық мәслихаттың «Мәслихаттың 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 221 «Сарыкөл ауданының 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы ашық нормативтiк  құқықтық актілердің интернет-порталында  2019 жылғы «23» қыркүйектегі орналастырылды.

«Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына (Е-4 санаты, 1 бірлік) жалпы конкурс бойынша кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының 2019 жылғы 4 қыркүйек № 3 хаттамасынан үзінді

2019 жылғы 4 қыркүйек «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ бас маманы (Е-4 санаты) - 1 бірлік ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстық комиссиясының қорытынды отырысы өткізілді.

Ұсынылған құжаттар, үміткермен өткізілген әңгімелесулер негізінде және конкурстық   комиссияның   дауыс   беру   қорытындылары бойынша конкурстық комиссия ШЕШТІ:

      1. Сарыкөл аудандық мәслихатының хатшысына «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымына - К.В. Тимошенко қабылдауы ұсынылсын

Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттардың

Тізімі

1.      Ксения Владимировна Тимошенко



«Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына (Е-4 санаты, 1 бірлік) жалпы конкурс бойынша кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының 2019 жылғы 2 қыркүйек №1 хаттамасынан үзінді

2019 жылғы 2 қыркүйек «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ бас маманы (Е-4 санаты) - 1 бірлік ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы әкімшілік мемлекеттік уақытша бос лауазымына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстық комиссиясының қорытынды отырысы өткізілді.

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына белгіленген біліктілік талаптарына сай қатысушылардың қаралған құжаттарының негізінде комиссия ШЕШТІ:

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына белгіленген біліктілік талаптарына сай және Ережедегі талаптарына сәйкес болуына байланысты әңгімелесуге келесі кандидаттар жіберілсін:

1.      Ксения Владимировна Тимошенко.


«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға әңгімелесу кестесі

№ п/п

ТАӘ

Лауазымы

Әнгімелесу күні

1.

К.В. Тимошенко

«Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы

04.09.2019 ж.

11.00 с



Сарыкөл ауданы әкімдігінің «Салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентті бекіту туралы» қаулысының жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 28 тамызында орналастырылды https://legalacts.egov.kz.


«Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (111600, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Тәуелсіздік көшесі, 72, №3 кабинеті, телефондар 87145121000, 87145121541 (факс), электрондық мекенжай: maslihat_sarykol@mail.ru) ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды, Е-4 санаты, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты - 100696 теңгеден 136444 теңгеге дейiн.

         Функционалдық мiндеттерi: Іс жүргізу талаптарына сай мәслихат аппаратының құжаттарын дайындау, аппарат жұмысының айлық, жылдық жоспарларын құрастыру. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы жұмысына жетекшілік етеді. Мәслихат аппаратында іс жүргізу. Әзірлеушілермен келтірген мәслихат шешімдері жобаларын мемлекеттік тілде дұрыстығына,құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдерінде сәйкестікке сараптама өткізеді. Газет және жорналдарды біріктіріп тігу, істер номенклатурасын құрастыру, бекітілген номенклатура бойынша істердің орындалуын жүзеге асыру, мәслихат құжаттарын мұрағатқа тапсыру үшін дайындау.

      Жалпы конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: білім беру, гуманитарлық ғылым, құқық, әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес, техникалық ғылым және технологиялар, ауыл шаруашылық ғылымдары, қызметтері. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім рұқсат етіледі: білім беру, құқық, сервис, экономика және басқару (қаржы, есеп және аудит, экономика, іс жүргізу және мұрағаттану, аударма ісі, статистика, менеджмент), метрология, стандартизациялау және сертификациялау (стандартизациялау, метрология және сертификациялау).

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейд              Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

         Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды  тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы  лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

         Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)  Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қағидалардың 3 – қосымшаға сәйкес 3х4 үлгідегі түсті суретпен «В» корпустың әкімшілік мемлекеттік лауазымына үміткердің қызметтік тізімі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілген құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Тәуелсіздік көш., 72, № 3 кабинет мекен жайы бойынша ұсынылуы тиіс.

Анықтама үшін телефондар: 8-71451-21000, факс 8-71451-21000, электронды пошта maslihat_sarykol@mail.ru .

Конкурстық комиссияның қарауына қолма-қол тәртіпте немесе «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің электронды поштасына, немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интеграциялық ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттары электрондық почта арқылы берілген жағдайда, азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірмей келтіреді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Сарыкөл аудандық мәслихатының аппаратында кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінде бір жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешiмiне уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

20.08.2019г.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік

лауазымына орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ _______________________ уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ___________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________ ____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

2 қосымша

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_______________________________________




тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии)

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения


2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)


3.

Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения


4.

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)


5.

Шетел тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками


6.

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда)
Государственные награды, почетные звания (при наличии)


7.

Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi (болған жағдайда)
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)


8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)


9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполня­ется государственными служащими)


ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

Қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жерi/
должность, место работы, местонахождение организации

қабылдаған/

приема

босатылған/

увольнения





___________________

Кандидаттың колы/

Подпись кандидата

____________

күні/дата










2019 жылдың 15 тамыздан «Сарыкөл аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінде Е-4 категория әкімшілік лауазымына 1бос орын бар (Сарыкөл аудандық ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс істеу мәслихат аппаратының бас маманы)


2.08.2019 ж

Сарыкөл ауданы әкімдігінің Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдегі № 147 «2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуғамемлекеттік   білім    беру    тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін

бекіту туралы» қаулы жобасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы «2» тамыздағы орналастырылды.




ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ


17.07.2019

«Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Урожайное ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешім жобасының баспасөз парақшасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 17 шілде жарияланды https://legalacts.egov.kz.

   2019 жылғы 3 маусым
Сарыкөл ауданы әкімдігінің «Салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентті бекіту туралы» қаулының жобасы 2019 жылдың 3 маусымында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.

28.05.2019 ж

Аудандық мәслихаттың «Мәслихаттың 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 221 «Сарыкөл ауданының 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы «27» мамырда орналастырылды.

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 50 мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасының баспасөз парақшасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 8 мамырда жарияланды https://legalacts.egov.kz.

4.04.2019 ж.

Аудандық мәслихаттың «Сарыкөл ауданының елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарына көтерме ақы және үйді сатып алу немесе салуға бюджеттік несие түрінде 2019 жылы әлеуметтік қолдау іс-шараларын ұсыну туралы» шешім жобасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы «4» сәуірінде орналастырылды.

  26 наурыз 2019

Аудандық мәслихаттың «Мәслихаттың 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 221 «Сарыкөл ауданының 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы «26» наурызда орналастырылды.

«Мәслихаттың «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сарыкөл кентінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 8 тамыздағы № 202 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасының баспасөз парақшасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 19 наурызрда жарияланды https://legalacts.egov.kz.

«Мәслихаттың «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сарыкөл кентінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2014 жылғы 8 тамыздағы № 202 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасының баспасөз парақшасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 18 наурызрда жарияланды https://legalacts.egov.kz.



«Мәслихаттың 2014 жылғы 8 шілдедегі № 202 «Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сарыкөл кентінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешім жобасының баспасөз парақшасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 31 қаңтарда жарияланды https://legalacts.egov.kz.


Сарыкөл аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 224 «Сарыкөл   ауданы Сарыкөл кентінің 2019-2021 жылдарға     арналған бюджетi туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (бұлан әрі – шешім жобасы) ашық нормативтiк құқықтық актілердіңинтернет-порталында 2019 жылғы 10 ақпанда орналастырылды.https://legalacts.egov.kz.


«Сарыкөл ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына бұрынғы Кеңестік   Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығаруының 30 жылдығына орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы » шешім жобасының баспасөз парақшасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 15 ақпанда жарияланды https://legalacts.egov.kz

«Сарыкөл ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына бұрынғы Кеңестік   Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығаруының 30 жылдығына орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы » шешім жобасының баспасөз парақшасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 11ақпанда жарияланды https://legalacts.egov.kz.


«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 50 мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасының баспасөз парақшасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 29 қаңтарда жарияланды https://legalacts.egov.kz.

«Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Чехов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешім жобасының баспасөз парақшасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 23 қаңтарда жарияланды https://legalacts.egov.kz.

«Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Тимирязев ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешім жобасының баспасөз парақшасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 23 қаңтарда жарияланды https://legalacts.egov.kz.

«Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Лесной ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешім жобасының баспасөз парақшасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 18 қаңтарда жарияланды https://legalacts.egov.kz.

10.01.2019 ж

Аудандық мәслихаттың «Мәслихаттың 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 221 «Сарыкөл ауданының 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы ашық нормативтiк  құқықтық актілердің интернет-порталында  2019 жылғы «10» қаңтар орналастырылды.


«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» шешім жобасының баспасөз парақшасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 15 қаңтарда жарияланды https://legalacts.egov.kz.



5.12.2018 ж

Аудандық мәслихаттың «Сарыкөл ауданының 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджетi туралы» шешім жобасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2018 жылғы «5» желтоқсанда орналастырылды.





«Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына (Е-4 санаты, 1 бірлік) жалпы конкурс бойынша кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №3 хаттамасынан үзінді

2018 жылғы 7 желтоқсанда «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ бас маманы (Е-4 санаты) - 1 бірлік ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстық комиссиясының қорытынды отырысы өткізілді.

Ұсынылған құжаттар, үміткермен өткізілген әңгімелесулер негізінде және конкурстық   комиссияның   дауыс   беру   қорытындылары бойынша конкурстық комиссия ШЕШТІ:

      1. Сарыкөл аудандық мәслихатының хатшысына «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымына - Н.Т. Бакубаев қабылдауға ұсынылсын.

Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттардың

Тізімі

1.      Нұрлан Тұрсынұлы Бакубаев.



13.11.2018 ж.

    Аудандық мәслихаттың «Мәслихаттың 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 127 «Сарыкөл ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджетi туралы» шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» шешім жобасы ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталында 2018 жылғы «13» қарашада орналастырылды.


Қостанай облысы Сарыкөл ауданы  мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы 
ХАБАРЫ

  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қостанай облысының Сарыкөл аудандық мәслихаты аумақтық және 35 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамының қалыптасқаны туралы хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады. 
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. 
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 20 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
            2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2018 жылғы 20 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін.


Сарыкөл аудандық мәслихат

Сарыкөл аудандық  мәслихатының хатшысы – Күләш Қожахметқызы Базарбаева. 
Мәслихаттың орналасқан жері: Сарыкөл кенті ,  Тәуелсіздік көшесі, 72 үй.
Жауапты адам – ​​Мазенова Роза Божанқызы, каб. № 3  қалааралық телефон коды (871451), 21000,  87752772447, maslihat_sarykol@mail.ru.

Аудандық мәслихат аудандық сайлау комиссиясының және 35 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

 
№ р/б Сайлау учаскесінің нөмірі Сайлау комиссиясының орналасқан жері
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны    
1 2 3 4    

Аудандық сайлау комиссиясы
   
1. Сарыкөл к.,  Тәуелсіздік көшесі, 72, аудандық әкімдігі 7    

Учаскелік сайлау комиссиялары - 35
   
№667 Сарыкөл к., Тәуелсіздік көш., 6, «Транспорт» ЖШС бұрыңғы ғимараты 5    
№668 Сарыкөл к., Меңдеке Батыр көш., 42  
«Бәлдаурен» бала башақсының ғимараты 5    
№669
Сарыкөл к., Тәуелсіздік көш., 75, 
Ө. Сұлтанғазин атындағы орта мектебінің ғимараты 5    
№670 Сарыкөл к., Озерная көш., 56, «Ұлан» МКК ғимараты 5    
№671 Сарыкөл к., Әлібек Батыр көш., 32, май зауыттың бұрыңғы ғимараты 5    
№672 Сарыкөл к., Әлібек Батыр көш., 45, Өнер мектебінің ғимараты 7    
№673 Сарыкөл к., Строительная көш., 2, Ново-Урицк орта мектебінің ғимараты 5    
№674 Сарыкөл к.,  Привокзальная көш., 1, теміржол вокзалының ғимараты 5    
№675 Сарыкөл к., Гагарин көш., 1, агробизнес және құқық колледжінің ғимараты 5    
№676 Веселый Подол а, Павших Борцов көш., 19, ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты 5    
№677 Ананьевка а., Молодежная көш., 1, мектеп ғимараты
5    
№678 Златоуст а., Целинная көш., 9, мәдениет үйінің ғимараты 5    
№679 Күнтімес а., Мұқанов көш., 16, 
Ш. Уәлиханов атындағы мектебінің ғимараты 5    
№680 Новое а., Калинин көш., 2, бастауыш мектебінің ғимараты 5    
№681 Қараоба а., Достық көш., 3, Б. Өтетілеуов атындағы орта мектебінің ғимараты 5    
№682 Комсомольское а., Степная көш., 1, орта мектебінің ғимараты 5    
№683 Чапаевка а., Мир көш., 23, ауылдық клубының ғимараты 5    
№684 Қоскөл а., Школьная көш., 31, негізгі мектебінің ғимараты 5    
№685 Ленинское а., Шахтерская көш., 7, жеке үйдің ғимараты 5    
№686 Ленинградское а., Ворошилов көш., 3, ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты 5    
№687 Вишневка а., Байтерек көш., 6, мектеп ғимараты 5    
№688 Большие Дубравы а., Абай көш., 26, орта мектебінің ғимараты 5    
№689 Урожайное а., Херсонская көш., 9, орта мектебінің ғимараты 5    
№690 Маяк а., Иманов көш., 21, мектеп ғимараты 5    
№691 Барвиновка а., Комсомольская көш., 20, мәдениет үйінің ғимараты 5    
№692 Севастополь а., Первомайская көш., 1, мектеп ғимараты 5    
№693 Дубинка а., Чкалов көш., 25, мектеп ғимараты 5    
№694 Крыловка а., Центральная көш., 34, ауылдық клубының ғимараты 5    
№695 Сорочинка а., Октябрьская көш., 19, мектеп ғимараты 5    
№696 Мелитополь а., Шевченко көш., 37, жеке үйі 5    
№697 Островное а., Школьная көш., 3, ауылдық клубының ғимараты 5    
№698 Тағыл а., Жамбыл көш., 8, мектеп ғимараты 5    
№699 Соналы а., Мектеп көш., 4, мектеп ғимараты 5    
№700 Ермаковка а., Школьная көш., 7, мектеп ғимараты 5    
№701 Тимирязевка а., Пушкин көш., 20, мектеп ғимараты 5  



Өтініштің нысаны және мәліметтер
з.docx


2018 жылғы 1 қарашадан бастап «Сарыкөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ Е-4 санаттағы 1 бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымы бар (аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру – бақылау және қадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы).


ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы

хат жіберу