Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198416
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Исабаев Тауба Каиржанович
Аким Федоровского района

Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8(71442) 2-16-32 Адрес: Костанайская область, Федоровский район, село Федоровка,  ул. Калинина, 53 E-mail: fedorovka@kostanay.gov.kz

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Исабаев Тауба Каиржанович
Аким Федоровского района

Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8(71442) 2-16-32 Адрес: Костанайская область, Федоровский район, село Федоровка,  ул. Калинина, 53 E-mail: fedorovka@kostanay.gov.kz

Сарыкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы


Сарыкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының 2018 жылдың 1 - ші тоқсанына жеке және заңды тұлғаларды қабылдау Кестесі:

Тегі, Аты, Әкесінің аты

Лауазымы

Күні және уақыты

Бекпасов Мұрат Қаирбекұлы

Басшы

Сәрсенбі, жұма 10.00-12.00

Қабылдау мына мекен-жайы бойынша жүргізіледі: Сарыкөл к., Тәуелсіздік к-сі,79. Телефон 21-7-44 Сарыкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының сенім телефоны: 21-5-08




Сарыкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы назарларыңызға келесі мәліметті жеткізеді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VI Қазақстан Республикасының Заңымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуі қарастырылған.

Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

2) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

3) тек қана жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және (немесе) акциздік өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн тек жеке тұлғаларға ғана өткізетін, дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеушілер деп танылады.

Осыған байланысты, басқа жеке тұлғаларға қызмет атқаратын және (немесе) жеке қосалқы шаруашылық өнімдерді өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлейді. Мысалы, егер заңды тұлғаға және (немесе) дара кәсіпкерге қызмет көрсетілсе, осындай қызметті көрсететін жеке тұлғаның – БЖТ қолдануға құқығы жоқ.

Сонымен қатар, бірқатар шектеулердің заңнамамен қарастырылғанына назар аударамыз.

БЖТ төлеушілері болып мыналар танылмайды:

1) коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерi аумағында, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын, оның iшiнде меншік құқығындағы, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару сауда объектілерін қоса алғанда, қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;

2) тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті жалға (мүлiктiк жалдау) беретін тұлғалар;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;

5) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуі бар адамдар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер ретінде танылмайды.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген немесе жекеше практикамен айналысатын тұлғалар және стационарлық орындар арқылы қызмет атқаратын (коммерциялық объектілер – сауда объектілері, базарлар және т.б), (тұрғын үйді қоспағанда) мүлікті жалға беретін тұлғалар БЖТ төлеушілері бола алмайды.

Осыдан басқа, БЖТ төлеушінің табыс мөлшері күнтiзбелiк жыл үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің 1 175 еселенген мөлшерінен аспауы тиiс.

Жеке тұлғалар, бірыңғай жиынтық төлем жасалған күннен бастап мұндай төлем жүргізілген айдың соңғы күніне дейін БЖТ төлеушілер деп танылады.

БЖТ жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің төленуге жататын сомалары қосылады.

БЖТ мөлшері – 1 АЕК (республикалық және облыстық маңызы бар қалалар, астана үшін), 0,5 АЕК – басқа елді мекендерде құрайды.

Бюджет пен қорлар арасында төлемдердің бөлінуі ыңғайлы болу үшін, бiрыңғай жиынтық төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына бір төлем тапсырмасымен жалпы сомамен төленуге жатады, ал Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БЖТ –ді ЖТС-на (бюджетке 10%), әлеуметтік төлемдер ( 20 % ӘСМҚ), зейнетақы аударымдары (БЖЗҚ- на 30 %) және МӘМС –ға аударымдар (ӘМСҚ-на 40 %).

БЖТ-мен жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер түрінде төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

Осыдан басқа, аталған Заңмен Салық кодексінің 683, 687, 694 баптарына өзгерістер енгізілген:

1)                    Салық кодексінің 683 баптың 2 тармақтың 2) тармақшасында арнаулы салық режимі үшін салықтық кезеңдегі кірісі:

патент негізінде - ең төмен жалақының 300 еселенген мөлшері 3 528 еселенген айлық есептік көрсеткішке өзгертілді;

оңайлатылған декларация негізінде - ең төмен жалақының 2 044 еселенген мөлшері 24 038 еселенген айлық есептік көрсеткішке өзгертілді;

тіркелген шегерімді пайдаланумен - ең төмен жалақының 12 260 еселенген мөлшері 144 184 еселенген айлық есептік көрсеткішке өзгертілді;

2)                    687 баптың 2 тармағында «2 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде ең төмен жалақының 2,5 еселенген мөлшерін» сөздерін «23 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 29 еселенген айлық есептік көрсеткіш »;

3)                    694 баптың 3 тармағының екінші бөлімінде «ең төмен жалақының 4 еселенген мөлшері» сөздері «47 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері» сөздерімен өзгертілді.

Сарыкөл ауданы бойынша

МКБ басшысы                                                               М.К. Бекпасов



Банкроттық процедурадағы борышкерлердің мүлкін сату аукционы

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасының Оңалту және банкроттық туралы Заңына сәйкес соттың шешімімен банкроттық рәсімі қолданылған борышкердің мүліктерін (активтерін) сатуы жүзеге асырылуда. Сауда-саттық 19.06.2019 ж. сағат 14-30 басталады. «АЙГЕРИМ» ЖШС борышкердің мүлігіне электронды аукционын өткізу туралы хабарламасы тізілімнің веб-порталында  https://e-auction.gosreestr.kz/p/kz/GuestViewAuction?AuctionId=126283&MenuAction=view электронды сілтеме бойынша.




НАУҚАН

«ТҮБІРТЕК СҰРАДА- СЫЙЛЫҚ ҰТ»

2019 жылғы 21 тамыздан 30 қарашаға дейін жыл сайынғы «Чек талап ет те - Сыйлықты ұтып ал» Акциясы басталды (бұдан әрі - Науқан).

Науқанға 3 000 000 теңге лездік сыйлықтар және бас жүлде - автомобиль ойнатылады.

Науқанға онлайн-кассалық машиналардағы чектер қатысады.

Акция электронды түрде «Wipon» «Google Play Маркет, Apple App Store» мобильді қолдану сондай ақ смартфон арқылы жүргізіледі



Банкроттық процедурадағы борышкерлердің мүлкін сату аукционы

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасының Оңалту және банкроттық туралы Заңына сәйкес соттың шешімімен банкроттық рәсімі қолданылған борышкердің мүліктерін (активтерін) сатуы жүзеге асырылуда. Сауда-саттық 25.06.2019 ж. сағат 14-30 басталады. «Компания ЕМС» ЖШС борышкердің мүлігіне электронды аукционын өткізу туралы хабарламасы тізілімнің веб-порталында  https://e-auction.gosreestr.kz/p/kz/GuestViewAuction?AuctionId=126594&MenuAction=view электронды сілтеме бойынша.



Банкроттық процедурадағы борышкерлердің мүлкін сату аукционы

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасының Оңалту және банкроттық туралы Заңына сәйкес соттың шешімімен банкроттық рәсімі қолданылған борышкердің мүліктерін (активтерін) сатуы жүзеге асырылуда. Сауда-саттық 14.06.2019 ж. сағат 10-00 басталады. «РЭВ-1» ЖШС борышкердің мүлігіне электронды аукционын өткізу туралы хабарламасы тізілімнің веб-порталында  https://e-auction.gosreestr.kz/p/kz/GuestViewAuction?AuctionId=125826&MenuAction=view электронды сілтеме бойынша.




Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық сауда-саттық,  сауда алаңында белгіленген және өткізілген сауда-саттық бойынша ақпарат қолжетімді  мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz, өткізілетінін хабарлайды.


Баспасөз анонсы

2019 жылғы 26 маусымда сағат 15-00-де Нұр-сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайы бойынша орналасқан «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Сұрақтарды m.minfin@minfin.gov.kz электрондық мекен-жайына жіберуге болады.

Кері байланыс үшін өз мәліметтеріңізді және байланыс телефон нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз.

Сіздің сұрақтарыныздың жауабы ҚР Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz сайтында халықпен кездесу өткізілгеннен кейін орналастырылады.

Call center: 8 (7172) 75-02-94, 75-04-55.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

Сарыкөл ауданы бойынша МКБ басшысы






Бірыңғай контакт-орталығы 


Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - МКК) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігімін бірге жоба енгізді, оның шеңберінде 1414 бірыңғай контакт-орталық  базасында кеңестер тек қана мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша емес, сондай-ақ «Жеке тұлғалардың кірістерін және мүлігін жалпыға бірдей декларациялау», «Электрондық шот-фактураларды қолдану туралы», «ДСҰ төмендетілген баж ставкасы қолданылатын Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін Тізімдегі тауарлардың өткізу тәртібі» сияқты ең өзекті мәселелер бойынша беріледі.





2019 жылдан бастап тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша салық төлеушілерді санаттау.

Деректерді онлайн – беру функциясы бар БКМ тіркеу 12.09.2019

Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша ұсыныс енгізілді

Э


Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың 27 маусым 2017 жылы сағ.11-00 Астана қ. Қонаев к, 4 «Қазмедиаорталығы» (Киноконцертный зал – 1 қабат) мекен - жайы бойынша жұртшылықпен кездесуі өтеді.

Қаржы министріне қойылатын сұрақтарды мына электронды minfin@minfin.gov.kz мекен-жайға алдын-ала жіберуге немесе Call center: 8 (7172) 71-76-32, 71-77-74 қоңырау шалуға болады.

Барлық сұрақтарға жауаптар жұртшылықпен кездесу өткеннен кейін Қаржы министрінің сайтында: www.minfin.gov.kz орналастырылатын болады.



ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың 27 маусым 2017 жылы сағ. 11-00 Астана қ. Қонаев к, 4 «Қазмедиаорталығы» (Киноконцерт залы – 1 қабат) мекен - жайы бойынша жұртшылықпен есепті кездесуі өтеді

Қаржы министріне қойылатын сұрақтарды мына электронды minfin@minfin.gov.kz мекен-жайға алдын-ала жіберуге болады.

Кері байланыс үшін өзіңіздің деректеріңізді және байланыс телефон нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз.

Сіздің сұрағыңызға жауап жұртшылықпен есепті кездесу өткеннен кейін Қаржы министрінің сайтында www.minfin.gov.kz орналастырылатын болады

Call center: 8 (7172) 71-76-32, 71-77-74

Барлық тілек білдірушілерді кездесуге қатысуға шақырамыз!







хат жіберу