Блог статистикасы
195
Жазбалар
5007
Өтініштер
202289
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, хабарлайды

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 719, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 28 және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 928 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қазандағы № 17613 болып тіркелді
      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес.

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, тотығуға төзімді болатты (ЕЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0, 7204 21 900 0) және өзгелерін қоспағанда (ЕЭО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0), қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын (ЕЭО СЭҚ ТН кодтары 7204, 7404 00, 7602 00, 8548 10 210 0, 8548 10 290 0, 8548 10 910 0), сондай-ақ бұрын қолданыста болған және өз ресурсын тауысқан құбырларды, рельстерді, теміржол төсемдері мен жылжымалы құрамның элементтерін (ЕЭО СЭҚ ТН кодтарының 7302, 7303, 7304, 7305, 7306, 8607) автомобиль көлігімен әкетуге 2 жыл мерзімге тыйым салынсын.


Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

хат жіберу