Блог статистикасы
195
Жазбалар
5007
Өтініштер
202125
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Деректерді онлайн – беру функциясы бар БКМ тіркеу 12.09.2019

Сарыкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, ҚР Қаржы министрлігінің 27.11.2018 жылғы «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №1029 бұйрығымен 2019 жыл аралығында онлайн-БКМ қолдану міндеті туындайтын қызмет түрлері ұлғайтылатынына назар аударады.

Атап айтқанда, 2019 жылдың әр тоқсаны сайын онлайн БКМ қолдануға 633.

Қызмет түрлері қосылады.

Бұл ретте осы тізбе кеңейтіледі:

2019 жылғы 1 сәуірден бастап – 323 қызмет түріне;

2019 жылғы 1  шілдеден бастап – 86 қызмет түріне;

2019 жылғы 1  қазаннан бастап – 224 қызмет түріне.

           Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

            Сонымен  қатар Қаржы министрінің бұйрығы тек салық  төлеуші онлайн-БКМ қолдануға  міндетті  қызмет  түрін  ғана  айқындайды.

Салық кодексінің 166-бабына  сәйкес БКМ қолдану тәртібі реттелген.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 166 бабының 1  тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледі.

Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылатындар:

1) жеке тұлғалар;

2) адвокаттар мен медиаторлар;

3) жеке кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды сатудан басқа) қызметін жүзеге асыратын:

            - патент бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін; (яғни 2020 жылға дейін бақылау касса аппаратынсыз жұмыс жасайды, 1 қаңтар 2020 жылдан бастап онлайн бақылау-касса аппараттарын орнатуға тиіс)

- бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер  2020 жылдың 1 қаңтарына дейін; (яғни шаруа қожалықтар 2020 жылға дейін бақылау касса аппаратынсыз жұмыс жасайды, 1 қаңтар 2020 жылдан бастап онлайн бақылау-касса аппараттарын орнатуға тиіс)

4) билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкі;

6) екінші деңгейдегі банктер.

Басшы                                                                                             М. Бекпасов


хат жіберу